Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1096545
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның Жерорта теңізіне байланысты ұстанымын жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Әділет және даму партиясының мәжілістегі жиналысында сөйлеген сөзінде: «Не Шығыс Жерорта теңізінде,  не басқа аймақтарда өз ұстанымымыздан шегінбейміз» деді.  «Кейбір Еуропа елдерінің қолдауын алған Грекияның және оның бірге қозғалатын Кипр понти жағының әрекеттері әуелі өздері үшін бір қауіп-қатерге айналды» деді ол.

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің Францияны сынағаны жөніндегі хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу демократияны үйретуге тырысқан Еуропаның Франциядағы шерушілерге күш қолданылғанына үнін шығармағанын айтты.  Министр Словакия Сыртқы істер және Еуропа істері министрі Мирослав Лайчакпен кезде баспасөз брифингін өткізді. «Түркияда кезкелген бір оқиға бола қалса,  дәріс беруге тырысқан елдердің өз елдерінде оқиға болғанда шабуылдаушы ұстаныммен асыра күш қолдануы дұрыс емес,  қос стандарт» деді ол.

Сабах газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімдеріне Пәкістаннан үлкен қызығушылық» деген хабар жариялаған.  Түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері Пәкістанда ұйымдастырылған IDEAS Халықаралық Қорғаныс көрмесі және семинарында үлкен қызығушылық оятты.  Карачи қаласында биыл 10-шысы ұйымдастырылған көрмеде Түркия атынан Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшылығындағы Қорғаныс өнеркәсібі экспортшылар одағы және 25 компания орын алуда.

Хабер Түрік газеті «Хатайдағы Рим кезеңінен қалған қабірлер жарыққа шығарылуда» деген хабарға орын берген. Мыңдаған жылдық тарихы бар,  көптеген өркениетке бесік болған Хатайдың Алтынөзу ауданында топырақ астында жатқан жәдігерлер үшін қазба жұмыстары басталды.  Осында Рим дәуірінен қалған қабірстан жатыр. Алтынөзу ауданының әкімі Бүлент Уйгур аудандағы туризмді жандандырып,  Рим қабірлері,  зәйтүн мұражайы, шіркеу және мешітімен назар аударған ауданның туризмнен алатын үлесін арттыруды мақсат еткендерін білдірді.

Ватан газетінің тақырыбы: «8 жылда 6,3 миллион абонент» компьютерлік технология және коммуникация мекемесі тарапынан 2011 жылы беріле басталған сенімді интернет қызметін алған абонент саны 6,3 миллионға жетті.  Осы қызмет арқылы балалар үшін қауіп төндіретін жыныстық қиянат, есірткі және масаурататын материалдардың қолданылуы,  терроризм, нәсілшілдік, құмар, кибер шабуыл секілді тақырыптарда шаралар қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар