Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1086088
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркия бейбітшілік және тұрақтылыққа қызмет етуді жалғастыруда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 100 жылдығына орай барған Франциядағы іс-шаралардан алынатын сабақтарды еске түсіретіндерін атап көрсетті.

Сабах газеті «Стамбулдағы әуежайларда жолаушы саны 6,5 миллион артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда биылдың алғашқы 10 айлық мерзімінде Стамбулдағы барлық әуежайларды қолданған жолаушы саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 6 миллион 565 мың 599 адамға ұласты. Стамбулдағы әуежайлардан биылдың 10 айлық мерзімінде 587 мың 634 рейс ұшты. Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда ішкі және шетел терминалдарында 571 мың 639 рейс ұйымдастырылды.

Хабертүрік газеті «Кушадасы портына биыл 152 круиз аялдады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Кушадасы Эгей портына биыл 152 круизбен 122 мың 321 жолаушы келді. Түркияның ең көп круизі аялдаған Кушадасы Эгей портқа келген туристтер ауданға қоса СелшұқтағыЭфес ежелгі қаласы мен Мариям Ана үҮйін аралады.

Йени шафак газеті «Африннің зәйтүні әлем нарығына кіруге дайындалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Зәйтүн бұтағы операциясы мен Афринде орнаған тыныштық аймақ экономикасына ықпалын тигізе бастады. Қаланың зәйтүн және зәйтүн майы Түркия Егіншілік несие кооперативі арқылы экспортталады. Ынтымақтастықпен африндік диқандардың өнімдері әлем дастархандарында орын алады.

Стар газеті «Керемет Троя» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мемлекеттік опера және Балетінің жаңа кезеңде ең үлкен шығармаларының бірі Трояны Анкарадағы әлем премьерімен өнер сүйер қауымға ұсынды. Троя Германияның бас қаласы Берлин мен Ресейдің бас қаласы Мәскеуде сахнаға қойылады.



Ұқсас жаңалықтар