Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1076007
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Түркия Жерорта теңізі мен Эгей теңізін көктен бақылауда» деген хабарға орын берген. Газет Грекияның Шығыс Жерорта теңіз және Эгей теңізінде дағдарысты арттырған қадамдарға айқын түрде жауап берген Түркияның аталмыш құқайларға қатал тойтарыс беретінін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Екінші құқайға әсте рұқсат бермейміз» деді. Өңірлерден егжей-тегжейлі мағлұмат алған «ANKA» жүйелері Шығыс Жерорта теңіз және Эгейдегі Грекия армияларының әрбір әрекетін бақылауда.

Ватан газеті «Қол қойылды. Енді Түркия мен АҚШ мұнай іздейді» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда мұнай іздеу саласында қызмет істеген орталығы АҚШ-та болған Schlumberger фирмасы мен Түркия мұнай акционерлік қоғамы арасында Жерорта теңізінде жүзеге асырылған бұрғылау жұмыстары аясында 15 миллион долларлық келісім жасалды. АҚШ фирмасы Түркияның аймақта бұрғылау жұмыстарын жүргізетін Фатих кемесіне техникалық қызмет береді. Фатих кемесі қазан айының аяғында Анталия су айдында алғаш рет терең теңіз бұрғылауын жасайды.

Сабах газеті хабарын  «Тұрғын үй кампаниясына Еуропадағы түріктер қатты қызығушылық көрсетуде» деген тақырыбымен берген.  Газет Қоршаған орта және қала құрылымы министрлігінің қолдауымен тұрғын үй секторы тарапынан басталған кампаниясының 13 қазан күні аяқталатынын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда соңғы уақыты 13 қазан күніне дейін үй иесі болғысы келгендер әрі арзан бағадан, әрі ақша төлеу жеңілдігінен пайдаланады. Еуропада өмір сүрген түрік азаматтары кампанияға қатты қызығушылық көрсетуде. Еуропалық түріктерге екі күнде 80 миллион Лиралық тұрғын сатылды.

Хабар Түрік газеті «Анталияда 1,5 миллион долларлық Үнді тойы» атты хабарға орын берген. Газет Анталияның Үнді тойының орталығы болғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Үндістанда кен секторында жұмыс істеген Арора әулетінің ұлы Анталияда өткізілген төр күн, төр кеш жалғасқан тоймен үйленді. Тойға Үндістаннан шамамен 600 қонақ келді. Шексіз ішіп-жеудің адресі болған бір тойда  1 жарым миллион доллар ақша жұмсалды.

Стар газеті «Ұлттық футболшы Женгиз Үндер әлем мықтылары қатарында орын алды» деген тақырып қолданған. Газет өткен маусымда 13.5 миллион евроға Башакшехирден Италияның Рим клубына барған 21 жасындағы Женгиздің құнын бірнеше есе арттырғанын жариялаған.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар