Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1059931
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Әлем алпауыттары Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Türk Telekom International және Turkcell Superonline бүкіләлемдік телеком аренасының маңызды операторларын Түркияға шақырады. Телекоммуникация алпауыттары 1-3 қазан күндері Анталияда бас қосады. Türk Telekom International және Turkcell Superonline фирмасының «Халықаралық операторлардың тұтынушы іс-шарасы» төңірегінде «Түркияны аймақтық ақпараттық базасы және байланыс орталығына айналдыру» стратегиясы аясында маңызды жолдамалар жасалады. Саммитке 40-тан астам мемлекеттен 120 фирма мен 300 қонақ шақырылды.

Ватан газеті «Тұрғын үй саудасы үздіксіз жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда ең сенімді инвестиция құралдарының бірі ретінде қабылданған тұрғын үй нарығында сатулар соңғы алты айдың ішінде артты. 2013 жылы қаңтар айы – 2018 жылы тамыз айы кезеңінде жаңа және бұрын салынған үйлерге қоса жалпы 5 миллион 896 мың 269 тұрғын үй сатылды.

Йени шафак газеті «Түрік әуе жолдарының жүк мәселесін шешкен технологиясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары қысқа уақыт бұрын іске қосқан технологиялық механизмімен енді жолаушылар бір ғана карточкамен ұзақ уақыт жүктерін күтпейтін болады. RFID (Радио толқынмен тану) жүк қадағалау жүйесі карточкасымен сөмкесін берген жолаушылардың жүктері тапсыру алаңына ұласқан кезде, жолаушыларға телефон арқылы хабарлама түседі. Осылайша жолаушылар әуе жайларда уақыттарын жоймайтын болады.

Стар газеті «Теңізде 2 миллиард лиралық қайық шоуы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық “Boat Show Eurasia” көрмесі 2-8 қазан күндері арасында «Istanbul Viaport Marina»-да есіктерін ашады. 2019 жылдың арнайы дизайн етілген қайықтары таныстырылатын көрмедегі қайықтардың жалпы бағасы болса 4 миллиард түрік лираны құрайды. 60 мың лира мен 75 миллион лира арасында келушілерге сатып алу мүмкіншілігі ұсынған көрмеге қатысатын 200-ден астам қайық «Boat Show Eurasia» көрмесі арқылы әртүрлі алушыларға арналады.

Сабах газеті «Сивастың Хоббит үйлері әлемді қызықтырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сивас муниципалитетінің «Сақиналар әміршісі» фильміндегі Гоббит үйлеріне ұқсатылған қала маңындағы Пашабахче демалу алаңында салған үйлері шетелді де қызықтыра бастады. Жерге көмілген қызық сәулетімен назар аударған үйлер келушілеріне табиғаттың ішінде демалу мүмкіншілігі береді.



Ұқсас жаңалықтар