Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1053184
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Стратегиялық ортақтық инвестициямен күшейеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тық фирмалардың Түркия өкілдерімен Бештепеде бас қосты. Еркін нарық ережелерінің толық орындалатынын атап көрсеткен Ердоған «Стратегиялық ортақтық инвестиция және саудамен күшейеді. Ынтымақтастығымызды экономикадағы қадамдар және инвестициялар күшейтпек» деді. Сияси тақырыптар мен экономикалық тақырыптардың бір-бірімен шатастырылуын қаламаған Ердоған «Батылдық және дипломатиямен мәселелерді шешеміз» деді.

Ватан газеті «366 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар террормен күрестің нәтижесінің нақты түрде байқалғанын білдірді. Акар Анкара Бештепе Миллет Конгресс және Мәдениет орталығында президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ұйымдастырылған Ардагерлер күні рәсімінде баяндама жасады. Акар соңғы 45 күннің ішінде ел көлемінде және шекарадан тыс шағын және орта мөлшерлі операциялар мен әуе шабуылдарында басшылық кадрларына қоса 366 террористің залалсыздандырылғанына назар аударды.

Стар газеті «Варанк: Жапониямен Еркін сауда келісімі келіссөздері жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Сыртқы экономикалық кеңесі (DEİK) ұйымдастырған 24-ші Түркия-Жапония инвестиция кеңесі ортақ жиналысында Түркия мен Жапония арасындағы қарым-қатынастың бұрыннан келе жатқан бір достық екенін атап көрсетті. Жапониямен Инвестицияларды екі жақты ынталандыру және қорғау (YKTK) жөніндегі келісімге 1993 жылы қол қойылғанын еске салған Варанк «Қазір болса осы келісімнің орнын алатын және инвесторларға жеңілдіктер қамтамасыз ететін еркін сауда келісімінің келіссөздері жалғасуда. Біздің министрліктің жауапкершілігі осы келісімнің инвестициялық бөлімін қамтиды. Нысанамыз осы келіссөздерді кеш дегенде, 2019 жылдың алғашқы жартысында аяқтау» деді.

Сабах газеті «Отандық гибрид локомотив Германияда танытылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эскишехирде орналасқан Түркия Локомотив және мотор өнеркәсібі мен Түркия Республикасы Теміржол тасымалдауы және Әскери электроника өнеркәсібі тарапынан өндірілген жаңа гибрид локомотив Германияның Берлин қаласында ұйымдастырылған «InnoTrans» көрмесінде танытылды. Әлемнің ең үлкен теміржол көрмесі ретінде атап көрсетілген «InnoTrans 2018» көрмесінде таныстырылған гибрид локомотив ешбір лицензияның құрамына кірмегендіктен алғаш отандық жоба болу ерекшелігіне ие.

Йени шафак газеті «TEKNOFEST-тің отандық соғыс ұшағы сюрпризі» атты хабар жариялаған.

Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі, Стамбұл авиация, Ғарыш және Технология фестивалі (TEKNOFEST) виртуалды шындық аясында цифрлік ангарды келушілеріне ұсынады. Түркия технология командасы (T3) қоры мен Стамбұл муниципалитеті тарапынан 20-23 қыркүйек күні Стамбұлдың жаңа әуежайында жүзеге асатын TEKNOFEST-те Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі біраз уақыттан бері жұмыстанған виртуалды шындық жобасы келушілерге таныстырылады. Виртуалды шындық көзілдіріктерін кигендер өздерін ұшқышсыз ұшу аппараты АНКА (ANKA), T625 тікұшақтары, Гөктүрік-2 жер серігі, реактивті оқу-жаттығу ұшағы Хүржет, заманауи оқу-жаттығу ұшағы Хүркуш және Атак тікұшақтары орын алған виртуалды бір ангарда көреді. Келушілер сондай-ақ отандық соғыс ұшағын тамашалай алады.



Ұқсас жаңалықтар