Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1051627
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған мен Путин Идлибте қарулардан тазаланған аймақ құру жөнінде келісті» деген хабарға орын берген. Газет Түркия мен Ресейдің Путин Сирияның Идлиб аймағында қарулардан тазаланған аймақ құру жөнінде келіскенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда қарусыздандырылған аймақтың қауіпсіздігі түрік және орыс күштері тарапынан қадағаланады. Оппозиционерлер өз орнында жалғасты қалады. Радикал топтардың алаңдағы қимылдары тоқтатылады. Ресей Идлиб қақтығыссыз аймағына шабуыл жасамайды.Түркия мен Ресей арасында қол қойылған келісім арқылы Идлибте үлкен бір адамдық трагедияның туылуына тосқауыл жасалды.

Хүрриет газеті «Ресей Сирияның Идлиб аймағына әскери операция жасамайтын болды» атты тақырып қолданған. Газет Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Сирияның Идлиб аймағына әскери операция жасамайтынын жариялағанын хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Идлибтегі оқиғалармен байланысты мәлімдеме жасаған Шойгу «Идлибке әскери операция жасалмайды» деді.

Стар газеті хабарын «Дәстүрлі Адана тағамдары  әлемге таныстырылады» деген тақырыбымен берген. Газет 12-14 қазан күндері аралығында Адананың дәстүрлі тағамдарының бір фестиваль арқылы таныстырылатынын  жазған. Газеттің хабарына қарағанда жергілікті дәстүрлі тағамдарды таныстыратын фестивальде 200-ден астам тағам түрлері болады. Фестивальге әлемге әйгілі аспаздар шақырылады.

Хабар Түрік газеті «Әлемнің ең керемет көшелері сайланды. Бұл тізімде Стамбулдың көшелері де бар» деген хабарға орын берген.  Газет АҚШ таралым органы CNN-нің керемет  көшелері және әлемге әйгілі тағамдарды таныстырғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда әрі түрлі азран тағамдары сатылған, әрі елін таныстырған керемет  көшелердің тізімдеріне Стамбулдың көшелері енді.

Йени Шафак газеті «Америка CNBC тілшісінің сұрақтарына керемет жауап» атты тақырып қолданған. Газет АҚШ экономика каналы CNBC-ге сұхбат берген BNP Paribas басқару алқасы төрағасы Jean Lemierreдің Түркия туралы тамаша жауап бергенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда CNBC-нің тілшісі «Түркиядан шығуды ойлайсыз ба?» деп сұрағанда Lemierre «Түрік халқы өте еңбекқор. Түркия экспорт жасаған және қиыншылықтарды жеңген тамаша бір ел. Мен неліктен шығамын» деп наразылық көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар