Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы жаңалықтарға орын берген.

1044174
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркиядан Ресей мен Асад режиміне Идлиб наразылығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның Идлиб қаласында жазықсыз адамдардың өліміне жол ашқан Ресей мен Асад режиміне «Ешкім өтірік айтпасын. Бұл шабуылдардың басты мақсаты Идлибті басып алу» деді. Идлибтегі радикал топтарды сылтауратып, жазықсыз адамдардың бомбалануына наразылық көрсеткен Чавушоғлу «Бұл топтарға қарсы болсаңдар, Алепподан, Шығыс Гутадан, Хомустан тіпті оңтүстіктен осыларды Идлиб қаласына неліктен кіргіздіңіз?» деді.

Ватан газеті «Түркия 2019 жылы тұрақты өркендеу сатысына өтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак инвесторларға берген сенімімен табысты күндердің жақын екенін сүйіншіледі. Албайрак «Таяуда жаңа экономикалық кезеңнің динамикаларын іске қосқан сайын халықаралық актерлердің елімізге бағытталған инвестициялардың артып отыратынына барша куә боламыз» деді. Албайрак Түркияның көп тұсты экономикалық бағдарламасымен инвесторына берген сенімді артырып жалғастыратынын атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «Ақылды адамдар түріктердің байлықтарын сатып алуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге әйгілі АҚШ-тың инвестиция және қаржы маманы Жим Рогер инвесторларға түрік байлықтарын сатып алуды ұсынды. Рогер «Ақылы бар адамдар қазір түріктердің байлықтарын сатып алуда. Инвестиция салатын болсам, Түркиядан облигациялар сатып алар едім»деді.

Йени шафак газеті «F-35 реактивті ұшақтарында түрік қол таңбасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қорғаныс өнеркәсібі басшылығы АҚШ Түркияны жобадан тыс қалдыруға тырысқан F-35 соғыс ұшағы жобасында түрік фирмалары өндірген бөлшектер жарияланды. Ұшақтың моторынан кеудесіне дейін толығымен 19 жерінде 7 түрік қорғаныс өнеркәсібі фирмасының қол таңбасы бар. Ұшақтың маңызды бөлшектерін өндірген түрік фирмалары F-35 ұшақтарының өндіріс пен тапсырыстарда уақытында жасалуы үшін үлкен роль атқарады.

Сабах газеті «Түркия той туризмінде алдынғы орындарда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға соңғы кездері той туризмі үшін келген бай турист саны артуда. Той туризміне ең көп Таяу Шығыс елдері қызығушылық танытады. Әсіресе Түркияда соңғы кездері той жасауды таңдаған Үндістан мен Ливан сияқты елдерден ағымдағы жылдың алғашқы 7 айында турист саны артты. Үндістаннан келген турист саны 95 пайыз артып 83 мың болса, ливандық турист саны 43 пайыз артып 155 мыңға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар