Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1040617
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркияның Жеңіс мақтанышы» деген тақырып қолданған.  30 тамыз Жеңіс мерекесінің 96 жылдығына байланысты ел көлемінде және шетелдегі өкілеттіктерде құттықтаулар болып өтті.  Түркияның түкпір-түкпірінде алаңдар толды. Балалар да қолдарына байрақ алып, әскери парадтарды мақтанышпен тамашалады.

Йени Шафак газеті «Түркияның алдына кедергі бола алмайды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, президент Ердоған 30 тамыз Жеңісінің 96 жылдығында маңызды үндеу берді.  «Өз бағытын анықтаған Түркияға шыдай алмайды.  Не істесе де,  мықты және ұлы Түркияның алдына кедергі бола алмайды.  Бізді мың рет жеңдік деп ойласа да,  мың рет қайтадан тірілеміз» деді ол.

Сабах газеті хабарын «Трампты ашуландыратын хабар» деген тақырыппен жариялаған. Американың атақты LinkedIn компаниясы АҚШ президенті Дональд Трампның сөздерін елемей,  Түркияға инвестиция салуға дайындалуда. 500 миллион қолданушысы бар компания Стамбулда кеңсе ашып,  инвестиция жасау мақсатымен келіссөздерін бастады.

Ватан газеті «Арабтар емес,  орыстар да емес.  Бұл жолы олар Түркияда» деген хабарға орын берген. Түркияда соңғы жылдары Латын Америка елдерінен келген азаматтар саны артып отыр.  Оңтүстік Америкадан биылғы жеті айда келгендер саны 74,23 пайыз артып, 138 мың 493 болды.  Латын Америкадан болса Аргентина және Бразилиядан көп турист келді. Осы екі елден келген турист саны 41 мыңнан асты.

Стар газеті «Түрік туризм саласындағы жанданыс Испанияға әсер етті» деген тақырып қолданған.  Испанияға барған турист саны күткендей шықпады.  Осының себебі ретінде Түркиядағы туризм саласының жандануы көрсетілуде. Туризм компаниясы Exceltur директорының орынбасары Хосе Луис Зореда әсіресе ағылшын және неміс туристтердің санының азаюын Түркиядағы туризмнің «адамның басын айналдыратындай» жандануымен байланыстырды.  Зореда Испания туризм саласы өкілдеріне сапаны арттыруға кеңес берді.

 



Ұқсас жаңалықтар