Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1023716
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Калыннан маңызды мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысындақолға алынғандай айналамызда, елімізде, аймақта жаһандық оқиғалардан туындаған қауіпсіздік риск пен қорқытуларға қарсы күресіміз тығыз түрде жалғасады» деді. Сириядағы ішкі соғысты саяси бір жолмен нәтижелендіру тақырыбымен байланысты жұмыстарға тоқталған Калын осымен байланысты бір қатар саяси бастаманың әлі жалғасқанын және осылардың бірінің Сочи жиналысы екенін еске салды.

Стар газеті «Шанлыурфада Сирияның шекарасына 6 метрлік түрік байрағы тігілді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағандаШанлыурфаның Акчакале аудан әкімшілігі тарапынан шекара қорғау бөлімшесінің ауласына 6 метр ұзындығында 4 метр кеңдігінде түрік байрағы тігілді. Байрақтың бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG бақылауындағы Тель-Абят аймағынан нақты түрде көрінгені атап көрсетілді.

Йени шафак газеті «Отандық пилотсыз ұшу аппараты ‘Улак’ шабуылдаушының ізіне түседі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік қорғаныс өнеркәсібі тарапынан жетілдірілген пилотсыз ұшу аппараттары қатарына Улак (хабаршы) та қосылды. Тұрақты және айналмалы қанат ерекшелігіне ие Улактың жылдың соңына дейін өнімге айналуы және әуе көлігіне жаңа қабілеттер қосуы мақсат етіледі.

Хүррийет газеті «Сабиха Гөкченнің жолаушы күші 41 миллионға ұласады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл Сабиха Гөкчен халықаралық әуе жайында 26 миллион евролық инвестициямен салынған жаңа ішкі терминалдың қосымша ғимараты ашылды. Қосымша ғимараттың арқасында әуе жайының жылдық жолаушы күші 41 миллионға ұласады.

Ватан газеті «Туризм табыстарында рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның туризм табысы жылдың екінші ширегінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 30,1 пайыз артып, 7 миллиард 44 миллион 591 мың долларға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар