Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1023014
Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Сабах газеті «АҚШ-тың қорқытуын әсте қабылдамаймыз» деген хабар берген. Газет Президенттік басқару жүйесінің алғашқы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында жиналғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда бес сағат жалғасқан Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналыстан кейін бір декларация жарияланды. Декларацияда Америка Құрама Штаттарының Түркияға бағытталған қорқытуының әсте қабылдамайтыны білдірілді.

Ватан газеті «АҚШ-тан Түркияға маңызды бір қонақ келеді» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Америка Құрама Штаттары Еуропа қарулы күштері және НАТО одақтас күштері қолбасшысы генерал Curtis  Scaparrotti 1 тамыз сәрсенбі күні Түркияға келеді. Генерал Curtis  Scaparrotti Түркияда Сирия тақырыбында кездесу өткізеді.

Йени Шафак газеті хабарын «Қытайдың көзі түрік нарығында» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда Қытайдағы  құнды тастар жәрмеңкесін аралаған түрік іскерлеріне серік болған қытайлық лауазым иелері түрік нарықтарына кіруге дайын екендерін білдіріп, осы жерден басқа Еуропа елдеріне ашылуды көздегендерін баяндады.

Йени Шафак газеті «Косово алғашқы жел энергия стансалары үшін түрік фирмаларымен келісті» атты хабарға орын берген. Газет Косовоның алғашқы жел энергия стансаларының сату келісіміне қол қойғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Косовода инвестиция салған түрік күн энергия холдингіне тиесілі «Китка жел энергия стансаларында» 95 миллион 600 мың киловатт-сағат жылдық электр өндіруі күтілуде.

Стар газеті «Памуккалеге келген турист саны 780 мың 207 адамға ұласты» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Денизли провинциясы губернаторы Хасан Карахан 2017 жылы қаңтар-маусым айлары мерзімінде Памуккалеге келген турист саны 535 мың 275 болған кезде, 2018 жылының алғашқы жартысында бұл санақ 780 мың 207 адамға ұласты» деді.

 

 


Этикеттер: #АҚШ , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар