Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1020642
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Бұл селбесуді біреулер қызғануда» деген хабарға орын берген. Газет Президент Ердоған мен Ресей президенті Путиннің Оңтүстік Африка Республикасында ұйымдастырылған 10-шы Бразилия-Ресей-Үндістан-Қытай-Оңтүстік Африка BRICS саммиті аясында оңаша кездескенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған кездесуден бұрын жасаған мәлімдемесінде «Біздің қою ынтымақтастығымыз біреулерді қызғандыруда» деді.

Сабах газеті «АҚШ-тың Түркия жайлы қорқытуларына қатаң наразылық» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп пен вице-президент Майк Пенстің кеше үйінде қамауға алынған Фетуллахшы террор ұйымы күдіктісі христиан дін қызметкері Андреу Брунсон еркін жіберілмеген жағдайда Түркияны санкция жасалатыны жөнінде қорқытуларына әлеуметтік медиа арқылы жауап қайтарды. Чавушоғлу «Ешкім Түркияға не істейтінін айта алмайды. Жасалған қорқытуларға қарап жеңілдік жасамаймыз. Заңдар баршаға бірдей» деді.

Стар газеті хабарын «Түркия жұмыспен қамтамасыз ету саясатында жаңа үлгіні жүзеге асыруда» деген тақырыбымен берді. Газет президенттік басқару жүйесімен бірге Түркияның жұмыспен қамтамасыз ету саясатында жаңа үлгіні жүзеге асыра бастағанын жариялаған.

Ватан газеті «Албайрактан несие пакеті сүйіншісі» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Қытай қаржы ұйымынан энергия және қатынас секторы инвестициялары үшін жеке сектор, мемлекеттік органдары және банктерді қамтамасыз ететін 3,6 миллиард долларлық несие пакетінің тамамдалғанын білдірді.

Ватан газеті «Өнеркәсіпте цифрлық экожүйенің айналу платформасы жүзеге асырылуда» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк инвестиция және өндіріс жағдайын тіпті де жақсартып, үлкен реформаларға өтуді жоспарлағанын айтты. Варанк «Осы жыл ішінде өнеркәсіпте цифрлық экожүйенің айналу платформасын жүзеге асырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар