Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі жаңалықтарға орын берген.

1019117
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Израильдің жанжал туғызған шешіміне Ердоғаннан қатаң наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясы тобының жиналысында Израильдің Еврей ұлттық мемлекет заңы шешіміне қатаң наразылық көрсетіп, «Бұл реттеу Израильдің әлемдегі ең сионист, ең фашист, ең нәсілшіл мемлекет екенін дәлелдейді. Израильдің бұл бастаманың артынан сионизм, фашизм және нәсілшілдік туралы айтар сөзі қалмады» деді.

Стар газеті«Ердоған Ципрасқа телефон шалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Грекиядағы өрт себепті Грекия премьер-министрі Алексис Ципрасқа телефон шалып, «Түркияның жәрдемге дайын екенін» атап көрсетті.

Йени шафак газеті «Әзірбайжанмен ынтымақтастығымызды әрқашан күшейтеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда сыртқы істер министрі ресми байланыстар аясында Әзірбайжанға барды. Премьер-министр Ноуруз Меммедовмен әңгімелескен Чавушоғлу «Әзірбайжанмен ынтымақтастығымызды әрқашан күшейтудеміз. Шетелде диаспораларымызда енді күшімізді біріктірдік. Бұл аса маңызды» деді.

Хүррийет газеті «Испанияны тастап, Түркияға бағытталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталия Сауда және өнеркәсіп палатасы (ATSO) төрағасы Давут Четин турист санының айлық 20 пайыз көлемінде, жылдық 30 пайыздық артқанын атап, «Осы маусымда Испанияда неміс және ағылшын турист саны азайды, өйткені Түркияға бағытталғандар артты» деді.

Ватан газеті «Рекорд жаңартылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ең көп жолаушы қатынасына ие, екінші әуежайы болған Стамбұл Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайы күніне 120 мың жолаушы санынан асып, бүкіл мерзімдердің рекордын жаңартты.



Ұқсас жаңалықтар