Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1018218
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Жан-жақты экономикалық дипломатиясын бастаймыз» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак мығым тұратынын, тұрақты үлкеюді көздегендерін айтып, «Нарықтармен қырғи-қабақ болмаймыз. Өзара мүдделер принцибіне негізделеміз» деді. Жан-жақты экономикалық дипломатиясын бастайтынын білдірген министр Албайрак «Ешқашан нарықтың артында қалмаймыз» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Түрік ағыны жағажайға өту жұмыстарын бастады» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Ресей газын Түркияға және Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісінің Киыкөй жағажайына өту жұмыстарына жексенбі күні бастайды.

Стар газеті хабарын «Анталия әуе жолы арқылы келген турист саны 34 пайыз артты» деген тақырыбымен берген. Газет туризмнің астанасы Анталияға соңғы 6 айда әуе жолдары арқылы келген жолаушы санының 2017 жылымен салыстырғанда 34 пайыз артып,  6 миллион 199 мың 361 адам болғанын хабарлады.

Сабах газеті «Жергілікті және шетелдік турист көп келуде» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Қаратеңіздің інжуі Дузже провинциясының Акчакожа ауданында 30 километр ұзындығындағы демалыс құм орны адамдарға толды. Керемет тамаша демалыс құм орнына жергілікті және шетелдік туристтер келіп дем алуда.

Йени Шафак газеті «Меркель Өзилге құрмет көрсетемін, көп еңбек істеді» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Футбол әлемінің түрік текті танымал неміс футболшысы Месут Өзил өзіне қарсы нәсілшілдік жасаған Германия құрамасынан айырылды. Өзилдің шешімінен кейін Германия премьер-министрі Ангела Меркель Месут Өзилдің шешіміне құрмет көрсеткенін білдірді.

 


Этикеттер: #Анталия , #Германия

Ұқсас жаңалықтар