Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1000627
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Трамптан Ердоғанға құттықтау» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған 24 маусымда өткен президенттік және депутаттық сайлаудан кейін Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесті.  Трамп сайлаудан жеңіспен шыққан президент Ердоғанды құттықтады.  Екі лидер 11-12 шілде күндері Бельгияның бас қаласы Брюссельде өтетін НАТО саммитінде бас қосады.

Ватан газеті экономика хабарына орын берген.  Халықаралық несие бағаландыру ұйымы Japan Credit Rating Agency (JCR) Түркияда 24 маусымда болып өткен президенттік және депутаттық сайлаудан кейін ішкі саясатта аазайған белгісіздіктің экономикадағы ел ұпайына жақсы әсер еткенін хабарлады.

Сабах газеті «Анталияға 4,5 миллионнан астам турист келді» деген хабар жариялаған. Анталияда 2018 жылы «14 миллион турист» нысанасында рекорд жоспарланып отыр. 25 маусым күнгі деректерге қарағанда жаңа жылдан бері қалаға келген турист саны 4 миллион 507 мың 301 болды.  Туризмге сайлау және Ресейдегі Әлем чемпионаты әсер етпеді. Турист саны 2017 жылмен салыстырғанда 42 пайыз артты.  

Хабер Түрік газеті де басқа бір рекорд хабарына орын берген. 24 маусым күні президенттік және депутаттық сайлауда азаматтардың дауыс қолданғаннан кейін саяхатқа шығуды таңдағаны анықталды. Түрік Әуе жолдары дүйсенбі күні әлем көлемінде рейс санында 1500-ден асып,  биылғы рекордын жасады.

Хүрриет газеті «Қытай журналисттер Стамбулда» деген хабар жариялаған. Түрік тілін, мәдениетін және тарихын әлемге таныстыру үшін ел ішінде және шетелде маңызды жобаларға қолтаңба басқан Юнус Эмре Институтының «Қонағымыз болыңыз» деген жоба жүргізгенін білдірген.  Осы жоба аясында Стамбулға келген Қытай делегациясы Бейоғлу ауданындағы Пера мұражайын аралады. Қытайдың беделді журнарлисттері мен әлеуметтік желі өкілдеріне мұражай және экспонаттар жайлы мәліметтер берілді.

 



Ұқсас жаңалықтар