Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

997401
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Түркия өз ұшағын өндіретін деңгейге жетеді» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кейбір елдердің Түркияға қару сатуды тоқтатқандарын меңзеп «Жаман көрші бізді үй қожайыны болуға мүмкіндік жасады» деді және Түркияның өз ұшағын өндіретін деңгейге келетінін айтты. «Қазір оның дайындық жұмыстарын жасаудамыз» деген сөздер қолданған Ердоған 4.5 тонна ауырлығында 1.5 тонна бомба тасымалдай алатын бір ұшақ өндіріп жатқандарын білдірді.

Ватан газеті «Манбиджтің террордан тазалануы Түркияның дипломатиялық жеңісі» атты хабарға орын берген. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның мәлімдемесін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның табанды тұғырының арқасында Америка Құрама Штаттарының кері қадам басқанын, сондай-ақ бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG-нің Сирияның Манбидж аймағынан 4 шілде күнінен бастап, шегінетінін баяндады. Чавушоғлұ Сирияның болашағы үшін маңызды болған осы жоспарының Түркияның дипломатиялық жеңісі екенін мәлімдеді.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркия алғашқы F-35 соғыс ұшағын қабылдап алды» деген тақырыбымен берген. Газет АҚШ-тың Техас-Fort Worth қаласында алғашқы ұшақты қабылдау үшін рәсім ұйымдастырылғанын баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда бағдарлама ортақтары арасында Түркияда бар F-35 соғыс ұшағы жобасы аясында АҚШ-тың Техас-Fort Worth қаласында алғашқы ұшақты қабылдау үшін Lockheed Martin зауытында рәсім ұйымдастырылды. Қабылдап алған алғашқы F-35 соғыс ұшағы Түрік әуе күштері қолбасшылығы инвентарына қосылған 5-ші кезең соғыс ұшағы болу ерекшелігіне ие.

Сабах газеті «Туризмде рекорд жаңаланды» атты хабарға орын берген. Газет Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуштың 2018 жылының алғашқы 5 айында 11,8 миллион туристтің Түркияға келгенін айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда «Бұл санақ бір рекорд болып табылады» деген Куртулмуш «Алла бұйырса 2018 жылының аяғында 40 миллион турист және 32 миллиард доллар туризм кірісін түсіру арқылы жаңа рекорд жаратамыз» деді.

Стар газеті «Түркия Америка Құрама Штаттарына қосымша салық салуды жоспарлауда» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда АҚШ 23 наурыз күнінен осы таңға дейін импорт етілген болатта 25 пайыз, алюминийге  10 пайыз қосымша кеден салағын атқара бастаған еді. Қазіргі таңда Түркия АҚШ-тан жылына жалпы құны 1,8 миллиард долларды құрайтын тауар импорттайды. Ал АҚШ өз кезегінде Түркиядан жылына 1,1 миллиард долларға алюминий мен болат сатып алады. Түркия да енді Америка Құрама Штаттарына қосымша салық салуды жоспарлауда.

 

 


Этикеттер: #АҚШ , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар