Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

994930
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Манбиджте міндет ақтара бастады» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Манбидж жөнінде мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған Самсунда жасаған баяндамасында түрік әскерлерінің Сирияның Манбидж аймағында міндет атқара бастағанын айтты.

Хүрриет газеті «Түрік шиесі Әлем кубогында» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия  2018 ФИФА Әлем кубогына орай Ресейге шие экспортын жасады. 17 маусымнан бастап осы таңға дейін, өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда шие экспорты 117 пайыз артып, 12 мың 900 тоннаға ұласты. Шетелге жіберілген 45 мың 196 тонна түрік шиесінің 28 пайызын Ресей алды.

Стар газеті хабарын «Әлемнің ең үлкен құрылыс кемесі Дарданел Бұғазынан өтті» деген тақырыбымен берген. Газет Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісінің терең су айдынындағы төсеу міндетін атқарған әлемнің ең үлкен құрылыс кемесі «Pioneering Spirit»-тің  Дарданел Бұғазынан өткенін жариялаған.

Хүрриет газеті «Жұмыссыздық кеміді» атты тақырып қолданған. Газет Түркия статистика мекемесінің наурыз айына байланысты адам күші статикаларды жариялағанын баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияда жұмыссыздық деңгейі наурыз айында өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 1,6 балл азайып, 10,1 пайыз болды.

Хабар Түрік хабарын «Солтүстік Эгейге туристтер көп келді» деген тақырыбымен берген. Газет солтүстік Эгейдің інжу-маржаны деп аталған Балыккесирдің Эрдемир шығанағында Ораза айтта көптеген туристтің келгенін жазды.

 


Этикеттер: #Сирия , #Ресей , #Эгей

Ұқсас жаңалықтар