Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

986072
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия Кандилге кіруі мүмкін» деген хабарға орын берген. Газет премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағтың Министрлер Кеңесі жиналысының артынан баспасөзге мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Бекир Боздағ Түрік Қарулы Күштерінің Ирактың Кандил аймағындағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK құрылымына бағыттаған бір операция үшін «Кез келген сәтте, кез келген нәрсе болуы мүмкін» деді. Түркияның террормен күрестегі табысын түсіндірген Боздағ бұдан кейін Түрік Қарулы Күштерінің Кандилге кіруі мүмкін екенін атап көрсетті.

Стар газеті «Түркия мен АҚШ қарым-қатынастары қалыпқа түсуде» атты тақырып қолданған. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ мен Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның АҚШ-тың астанасы Вашингтондағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында кездескенін мәлімдеген.  Газеттің хабарына қарағанда Манбидж жиналысынан кейін мәлімдеме жасаған Чавушоғлұ Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарының қалыпқа түсе бастағанын білдіріп, Манбидж тақырыбының маңызды бір қадам екенін айтты.

Ватан газеті хабарын «Ұлттық соғыс кеменгің сатуы жөніндегі кездесу аяқталуға аз қалды» деген тақырыбымен берген. Газет Ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Жаниклиның отандық және ұлттық мүмкіндіктерімен өндірілетін төрт соғыс кемесінің сатылуы жөніндегі кездесудің соңғы сатыға келгенін білдіріп, «Сату жұмысы жүзеге асқанда Түркияның ең үлкен қорғаныс өнімі экспорт етіледі» деді.

Хабар Түрік газеті «Түркияның жүргізушісіз құрлық көлігі міндет атқаруға дайын» атты хабарға орын берген.  Газет Түрік қорғаныс өнеркәсібі компанияларының Қорғаныс Өнеркәсібі мекемесінің координациясында қауіпсіздік күштеріне жаңа өнімдер ұсынғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Katmerciler компаниясы жетілдірген,  Әскери электроникалық өнеркәсіп АСЕЛСАН-ның қару жүйесімен жабдықталған UKAP қиын сынақтардан өтіп, оперативтік міндет атқаратын деңгейге жетті.

Хүрриет газеті «Орын қалмады» деген тақырып қолданған. Газет Мугланың Мармарис ауданының Түркиядағы ең әдемі туристік орындардың бірі екенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Мармаристің жайлы мекен-жайы, керемет су паркі, тамаша табиғаты, бірегей тарихи және археологиялық мұрасы және дәмді тағамдарымен туристтерді баурауда. Мармаристің кереметтігі соншалық қазір қонақүйлерде бөлімдер қалмады.

 



Ұқсас жаңалықтар