Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

978797
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «ASELSAN-ның зымыран ату жүйесі Украинада» деген хабарға орын берді. Газет Әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN-ның дамытқан зымыран ату жүйесінің Украинадағы тесттерден өткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Украинаның LUCH фирмасы тарапынан өндірілген Skif зымыранының ASELSAN тарапынан дамытылған ату жүйесіне интеграция жұмыстарының Украинадағы екі зымыранның атылуымен тамамдалды. ASELSAN 6 айда жүйені дамытып, ату тесттерін табысты түрде жүзеге асырды. Жасалған тест жұмыстарында зымырандар 5 километр қашықтықтағы нысаналарды дәлдеді. Жүйе АҚШ, Ұлыбритания, Украина және Ресей текті түрлі зымырандар негізінде дамытылды және тест етілді.

Стар газеті «Түркия мен Қазақстан ортақ зымыран өндіреді» атты тақырып қолданған. Газет V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің Қазақстанның елордасы Астанада басталғанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда  Түркия Республикасы қорғаныс өнеркәсіп басқармасы төрағасы профессор Исмаил Демир«KADEX-2018»        көрмесі аясында Қазақстан қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.   Дмир мен Атамқұлов кездесуде екі ел арасында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық тақырыбын қолға алды. Сонымен қатар түрік және қазақ фирмалары арасындағы ынтымақтастық келісімдерінің қол қою рәсіміне қатысты. Көрмеде Рокетсан мен Қазақстан арасында ортақ зымыран дамыту үшін бір келісім жасалды. Келісімге Рокетсан зымыран өнеркәсібі және сауда фирмасы мен Қазақстан Инжиниринг ұлттық фирмасы арасында қол қойылды.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркия валюта курс бағамының жасанды түрде қозғалуына қарсы бірлік ішінде болды» деген тақырыбымен берген. Газет валюта курс бағамының жасанды қозғалыстарына қарсы басылған қадамдарға іскерлер әлемі де қолдау көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул өнеркәсіп палатасы басқару алқасы төрағасы Ердал Бахчиван банк секторының күшті жүйесінің түрік экономикалық тұрғысынан маңызды бір сенім қайнары екенін айтты. Стамбул сауда палатасы төрағасы Шекиб Авдагич Түркияда әр саладағы адамдардың валюта курс бағамының жасанды түрде қозғалуына қарсы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанын жеткізді. Эгей өнеркәсіпші және іскерлері қоғамы төрағасы Фадыл Сивпи алдын ала болжай білу және бағаның тұрақтылығына назар аударды. Түркия өнеркәсіпші және іскерлері қоғамы төрағасы Ерол Билежик әрі мемлекет ішінде, әрі шетелде түрік экономика саясатын мұқиятты қадағаланып отырғанын түсіндірді.

Сабах газеті «Түркияға экономикалық операцияның себебі» атты хабарға орын берген. Газет доллардың тез қырқынды түрде көтерілуі АҚШ және батыс экономикалық ұйымдарының операциясы екені жөніндегі пайымдаулардың шындығының жарыққа шыға бастағанын мәлімдеді.  Орталығы АҚШ-та болған Bloomberg хабар каналында доллардың тез көтерілуінің себебін жаман болғаны үшін емес, батыстың Түркияның күшеюін қаламағаны үшін деп бағалады. Хабарда Түркияның өзіне тән ұлттық экономика саясатын ұстануы керектігін атап өтті. Bloomberg хабар каналындағы хабарда сонымен қатар түрік экономикасының табысына да назар аударып, Түркияның атап өтілгеннен 60 есе үлкен экономикаға және тіпті көп несие дәрежесіне ие екенін түсіндірді.

 

 


Этикеттер: #Астана , #Қазақстан

Ұқсас жаңалықтар