Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы кейбір аймақтық және әлем жаңалықтарына орын берген.

965311
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Түркия-Сербия іскер форумы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия-Сербия іскер форумы президент Режеп Тайып Ердоған және Сербия президенті Александр Вучичтің басшылығымен Стамбұлда болып өтті. Ердоған Түркия-Сербия арасындағы саудамен байланысты «2017 жылы екі жақты сауда көлеміміз 1 миллиард доллардан асты. Бұдан кейінгі сатыда сауда көлемін алдымен 2 миллиард долларға, кейін болса 3 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алып отырмыз» деді.

Стар газеті «Чавушоғлу: Ресеймен визалар биыл жартылай болса да жойылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресеймен визалардың биыл жартылай болса да жойылатынын білдірді. Чавушоғлу жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады. Ресейге визасыз саяхат тақырыбында маңызды мәлімдеме жасаған Чавушоғлу «Орыстар биыл толығымен болмаса да, ресми және қызмет паспорттарына виза жеңілдігі жасауды ұсынды. Жартылай болса да биыл визалар жойылады» деді.

Ватан газеті «Алпауыттар қайтадан оралды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең үлкен «cruise» фирмалары бағытын қайтадан Түркияға айналдырды. «Royal Caribbean Сruise» фирмасының ең люкс кемелері арасында орын алған «Azamara Journey» 15 мамыр күні Кушадасы портына келеді.

Йени шафак газеті «Грузияның агрохимиялық құрал-жабдықтарын Түркия береді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грузиямен құрылған жақын келіссөздер жемісін бере бастады. Грузия ауылшаруашылығы министрлігі агрохимиялық құрал-жабдықтар үшін ашқан тендерді түрік фирмалары жеңіп алды. Жалпы 2 миллион 622 мың лира құнындағы тендермен Түркия Грузияға маңызды бір экспорт жүзеге асырды. Фирма Самсун қаласынан жүктеп жіберген көліктер Грузия ауылшаруашылығы министрлігі лауазымдыларына тапсырылды.

Сабах газеті «VakıfBank Еуропа чемпионы болды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Vakıfbank, CEV Чемпиондар лигасы ақтық сайысында румын қарсыласы «CSM Volei Alba Blaj» командасын 3-0 жеңіп, 4-ші рет Еуропа чемпионы аталды. Түркия командасы аталмыш 4 чемпиондыққа да лиганың жеңімпаз аталып қол жеткізді. Президент Режеп Тайып Ердоған волейболдан әйелдер командасының Еуропа чемпионы аталуына байланысты VakıfBank спорт клубы төрағасы Осман Демренді құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар