Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

948027
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған Путинмен Шығыс Гута мәселесін талқылады» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлескенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда екі лидер телефондағы әңгімелерінде екі ел қарым-қатынастарымен қатар Сириядағы соңғы оқиғаларды қолға алды. Телефондағы әңгімелерінде президент Ердоған Дума және Шығыс Гутадағы шабуылдарға байланысты алаңдағанын Путинге жеткізді. Ердоған жай халықтың өлімдерін тоқтату және гуманитарлық жәрдемдердің жеткізілуі үшін бірге жұмыс істеудің маңызын түсіндірді.

Хүрриет газеті «19 фирма  23 жоба үшін ынталандырудан пайдаланады» атты тақырып қолданған. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Бештепе Конгресс орталығында ұлттық бюджет кемшілік мәселесінің түбегейлі шешу мақсатымен жүзеге асырылған жобаға негізделген ынталандыру жүйесі арқылы 135 миллиард түрік лирасы құнында болған 23 жобаның ынталандырудан пайдаланатынын айтты. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған энергия талпыныстарымен және жоғарғы технологияға негізделген өнімдердің Түркияда жүзеге асырылуы арқылы ұлттық бюджет кемшілік мәселесін түбегейлі шешетіндерін түсіндірді.

Стар газеті хабарын «Энергияда 5,2 миллиард долларлық келісімге қол қойылды» деген тақырыбымен берген. Газет орталығы Түркияда болған Metcap Energy Investments пен орталығы Катарда болған  Fusion Dynamics фирмасының Түркияда жиыны 5,2 миллиард долларлық табиғи газ және мұнай-химия базасы инвестициясы үшін келісімге қол қойғанын жариялаған.

Стар газеті «Түркиядай көп босқынға үй иелігін жасаған басқа бір ел жоқ» атты  хабарға орын берген. Газет Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік және егін шаруашылық ұйымы төтенше жағдай және реабилитация бөлімі директоры Dominique Burgeon-ның  «Түркияның сириялық босқындарға деген қонақжайлылығы мен талпыныстарын қабылдауымыз керек. Түркиядай көп босқынға үй иелігін жасаған басқа бір ел жоқ» дегенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияға келгеніне бір күн болуына қарамастан істелген жұмысты көргеннен кейін қатты әсерленгенін баяндаған Burgeon былай деді: «Түркиядай көп босқынға үй иелігін жасаған басқа бір ел жоқ. Түркия мөлшермен 3,5 миллион босқынға үй иелігін жасауда. Осы тақырыпта әрі түрік үкіметі, әрі түрік халқымен ынтымақтастық жасаудамыз» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті «Жаңа туризм орындары табылды» деген тақырып қолданған. Газет Милас пен Ятаган авто жолдары шетіндегі бір жартаста еліміздің ең тамаша үңгірлерінің бірі болған және Миластың жарқыраған жұлдызы Инжирлинің үңгірімен бірдей кереметтегі жаңа бір үңгір табылғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда үңгір геологиялық ерекшеліктерімен назар аударуда. Сондай жасалған жұмыстардан кейін саяхатшылардың келуін күтеді.

        

 



Ұқсас жаңалықтар