Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

937545
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Жарты ай мен ай-жұлдыздың көрінген жерінде үміт бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияның Африн аймағын террор ұйымынан тазалаған Түрік қарулы күштерінің  аймақтық қауіпсіздік шаралары жалғасуда. Түркия бейбіт халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қаланың бұрынғы тіршілігін қалпына келтіру үшін іске кірісті. Мұқтаж жазықсыз адамдарға ыстық тамақ тарата бастаған Түрік қызыл жарты ай қоғамы таза ауыз суы және денсаулық сақтау қызметтері үшін де жұмыстарын бастады. Түрік әскерінің Африн қала орталығына ілгерілеуімен бейбіт халыққа азық-түлік және денсаулық сақтау пакеті таратқан Түрік қызыл жарты ай қоғамы Африн қала орталығының террордан тазалануының артынан жылжымалы асханалар мен пештер құрып, ыстық тағам тарата бастады. Түрік қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Керем Кынык «Жарты ай мен ай-жұлдыздың көрінген жерінде үміт бар, адамдар сенетін, паналайтын бір баспана бар» деді.

Йени шафак газеті «Ұлттық әуе қорғаныс зымырандары 2020 жылы дайын болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлда 13-ші Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде (IDEF 2017) таныстырылған отандық өнім Гөктуғ әуе қорғаныс жүйесі отбасының мүшелері Гөкдоған мен Боздоғанды жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Екі зымыранның да жерден баллистикалық алғашқы сынақтары жасалды. Бұл сынақтар аясында тұмсықсыз зымыран моторының күші және көгілдір аспанда зымырандарды жою туралы функциялары сынақтан өтті. Синоптағы сынақтар табысты аяқталды. Зымырандардың жетілдірілуі аясында биылдың соңғы ширегінде жылжымалы нысаналармен сынақ өткізіледі.

Ватан газеті «Тарихта тұңғыш рет Түркияда жасалды, әлемге паш етілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкара Университеті Медицина факультеті Ми мен жүйке хирургиясы кафедрасында «Da Vinci» роботымен бас сүйегі операциясы әлемде тұңғыш рет жасалды. Емделіп ауруханадан шыққан 52 жасар әйел науқас әлемде роботпен операция жасалған тұңғыш науқас болды.

Хүррийет газеті «Түркияға көшемін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бас орамалды «топ модель» Халима Аден модашы Рашид Бағзыбағлының бағдарламасына қатысу үшін Түркияға келді. Чыраған сарайында қонақ етілген топ модель алдынғы күні «Instagram» парақшасында Босфор бұғазының фотосуретін бөлісті. Аден сол фотосуреттің астына «Түркияға көшемін» деп жазды.

Хабертүрік газеті «Эвертонның аты аңызға айналған жаттықтырушысы Дункан Фергусон Дженк Тосунды мақтады» атты хабар жариялаған. Дженк Тосун Ұлыбританияда мақтауларға ілінуде.Жартылай үзіліс кезеңінде 26 миллион евроға Бешикташтан Эвертон командасына барған Дженк Премьер лигасында форма киген 3 матчта қақпаға 3 гол салып, назар аударған болатын. 2014 жылдан бері жаттықтырушылық жасаған Дункан Фергусон Дженктің күшін бағалады. Фергусон «Дженк бұл шабытпен жалғастыратын болса, үлкен табыстарға қол жеткізе алады. Ойымша біз үшін көп гол салады» деді.



Ұқсас жаңалықтар