Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

908717
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Мәселелер қолға алынды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі генерал-лейтенант Х.Р. МакМастермен Стамбұлда бас қосты. Кездесуде Түркия мен АҚШ-тың ұзақ мерзімді стратегиялық ортақтық ынтымақтастығының бекітілгені, екі елдің маңызды мәселелерінің қолға алынғаны білдірілді. Бас қосуда сондай-ақ бұрынан келе жатқан одақтастық, Түркия мен АҚШ қарым-қатынастары, ортақ стратегиялық сынақтар және аймақтық жаңалықтар жайлы көзқарас алмасылды.

Хабертүрік газеті «Бас Штаб Басқармасы төрағасы Акардың Африн мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар Африн тақырыбында мәлімдеме жасады. Акар «Шәйіттер мен ардагерлердің шайқаста төгілген қанның кегін қайтарамыз» деді. Хатайда Зәйтүн бұтағы операциясымен байланысты ақпарат алып, операцияны тексерген генерал Акар операцияның мақсатының, шекара аймағында және Афринде бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, аймақ халқын террористердің зұлматынан құтқару және Түркиядағы сириялық босқындардың сеніммен елдеріне оралуын қамтамасыз ету екенін еске салды.

Ватан газеті «Үйлердің табиғи газы Тұз көлінен» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Тұз көлінде табиғи газ жинақтау жұмыстары басталды. Аксарайдың Сұлтанханы ауданында құрылған және 2023 жылы толық күшпен жұмыс істеп бастайтын қойма Түркиядағы тұрғын үйлердің бір жылдық табиғи газ қажеттілігін қамтамасыз ететін болады. Қойманың қазіргі күші шамамен бұл қажеттіліктің 50 пайызын яғни 5,4 миллиард текшеметрді құрайды.

Стар газеті «Үкіметтен сүйінші» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан Стамбұлдағы жаңа әуежайының 80 пайызының аяқталғанын атап көрсетті. Арслан әуежайының 29 қазан күні ашылатынын атап, «48 сағаттың ішінде көшіп, 24 сағаттың ішінде рейстердің ұшу қызметін бұл жерден жүргіземіз» деді.

Йени шафак газет «Мұздықтардың түрік әйел ғалымы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік ғалымы доцент Бурджу Өзсой Антарктикада ай-жұлдызды жалауды желбіреткен зерттеу тобына басшылық жасап, жүргізген жұмыстарымен әрі Түркияның, әрі әйелдердің мақтанышына айналды. 2-ші Ұлттық Антарктика ғылыми зерттеу тобында 4 әйел, барлығы 27 қатысушымен барғандарына назар аударған Өзсой биыл 10 әйел ғалымның құрлықта зерттеу жүргізетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар