Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

906980
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Енді басталды» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында сөз сөйлегенін хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Мәжілістегі топтық жиналыста Ердоған Сирия, Ирак және басқа бауырлас жерлердің отан территориясымен бірдей екенін түсіндіріп, «Осы территорияларда біздің көз жастарымыз бен қуаныштарымыз бар. Осы территорияға деген сүйіспеншілігімізді өшіргісі келгендер қателесуде. Қазірге дейін жасағандарымыз тек бастама ғана. Үлкен қадамдар алдымыздағы кезеңде жүзеге асырылады» деді.

Сабах газеті «Ердоған Руханимен сөйлесті» атты тақырып қолданған. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Иран президенті Хасан Руханимен телефонда сөйлескенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда телефондағы әңгімелерінде екі лидер Сириядағы соңғы оқиғалар жөнінде пікір алмасты.     Ердоған мен Рухани Түркия мен Иран арасында террормен күресу, қауіпсіздік тақырыптарында ынтымақтастықтың арттырылуына риза болғанын білдірді.

 Йени Шафак газеті хабарын «Агбал өсу жорамалын жариялады» деген тақырыбымен берген. Газет Қаржы министрі Нажи Агбалдың Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өсу жорамалын жасағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Газет Қаржы министрі Нажи Агбал өсу жорамалын білдіріп «2017 жылы жасаған шараларымыз ықпалды болды. Өсу тақырыбында 2018 жылы 5,5 пайыз өседі деп жорамалдаймын» деді.

Стар газеті «Өнеркәсіп өндірісі шыңға жетті» атты хабарға орын берген. Газет өнеркәсіп өндірісінің 2017 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,7 пайыз артқанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия статистика мекемесінің жариялаған рапортына қарағанда күнтізбегіне байланысты факторларды есептемегендегі өнеркәсіп өндірісі 2017 жылы желтоқсан айында алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,7 пайыз артты.

Ватан газеті «Ұлыбритания Түркия туралы мәлімдеме жасады» деген тақырып қолданған. Газет Түркиядағы Ұлыбритания сауда палатасы төрағасы Chris Gaunt-тың Түркияның экономикасының маңызына назар аударғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Еркін сауда келісімі үшін алғашқы жұмысты Түркиямен бастағандарын білдірген Gaut «Ұлыбритания Кеден Одағы келіссөздері нәтижесінде Түркиямен Еркін сауда саласында келісім жасауға дайын» деді. 


Этикеттер: #Ирак , #Сирия , #Иран

Ұқсас жаңалықтар