Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер Түркияның маңызды жаңалықтарына орын берген.

905175
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Манбиджке барамыз» деген тақырып қолданған.  Президент Режеп Тайып Ердоған партиясының мәжілістегі жиналысында сөз сөйледі.  Ердоған Зәйтүн бұтағы операциясының табысына тоқталып,  Манбиджтің де терроризмнен тазаланатынын айтты.  Ердоған: «Біз Манбиджке сол жердің негізгі иелеріне қайтарып беру үшін барамыз» деді.

Стар газеті «АҚШ-тан сұрарымыз: терроризмге қолдау көрсетпесін,  болғаны» деген тақырып қолданған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жеке меншік бір теле арнада сөйлеген сөзінде Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында жалғасып жатқан Зәйтүн бұтағы операциясына байланысты «Неге екенін террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы қашан операция бастасақ, ешкім терорлық ұйымға қарсы операция жасамаңдар деп айта алмайды.  Жазықсыз адамдар арқылы осы операцияны маңызы жоқ секілді көрсетуге тырысады немесе сынайды.  Біздің АҚШ-тан жалғыз сұрарымыз: осы террорлық ұйымға қолдауын доғарсын,  қару бермесін,  сосын көлеңке қылмасын» деді.

Сабах газеті «АҚШ-тан Түркияға маңызды екі сапар» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі МакМастер Түркияға келеді.  Тиллерсон мен МакМастер Түркияда лауазым иелерімен бас қосады.

Хабер Түрік газеті «Әлем тізімінде алғашқы ондықтамыз» деген тақырып қолданған.  Түркия 564,8 тонна алтын резервімен Үндістанды артта қалдырып,  әлемдік алтын резерві тізімінде алғашқы ондыққа енді.  Әлем Алтын кеңесінің деректеріне қарағанда,  2018 жылдың ақпан айында 8 мың 133 тонна алтын резерві бар Америка Құрама Штаттары бірінші орында.  АҚШ-тан кейін 3 мың 373 тоннамен Германия,  2 мың 451 тоннамен Италия келеді.

Ватан газеті спорт хабарына орын берген.  Баскетболдан әйелдер құрамасының 2018 FIBA Әлемдік кубогындағы қарсыластары анықталды. Чемпионат өтетін Испанияда тартылған жеребе нәтижесінде Түркия В тобында Австралия,  Аргентина және Нигериямен бір топқа түсті. 22-30 қыркүйек күндерінде өтетін чемпионатта топтарында көшбасшы болатын командалар ширек финалға тікелей көтеріледі.



Ұқсас жаңалықтар