Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы маңызды жаңалықтарға орын берген.

903601
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ватиканға президенттік деңгейде екінші ресми сапар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Ватиканға ресми сапармен барды. Папа Францискпен оңаша кездесетін Ердоған Римде Италия президенті Сержио Маттарелламен бас қосады. Ердоған 59 жылдың артынан Ватиканға барған екінші президент болды. Кездесуде Түркия-Ватикан ынтымақтастығы, Иерусалиммен байланысты жаңалықтар, аймақтық мәселелер, Сириядағы гуманитарлық трагедия, террор, нәсілшілдік және Ислам дұшпандығымен күрес сияқты тақырыптар қолға алынады.

Сабах газеті «Премьер-министр Йылдырымнан Хатай мен Килис мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Зәйтүн бұтағы операциясы басталған күннен бері Хатайға қазірге дейін 60, Килиске 34 барлығы 94 зымыран шабуылы жасалғанын, 7 жазықсыз адамның шәйіт болғанын, 113 адамның да жараланғанын атап көрсетті. Йылдырым кеше Килис губернаторлығына барып, 20 қаңтар күні басталған операцияның жоспарланғандай табысты түрде жалғасқанын атап, «Түрік қарулы күштері 538 нысананы жойды, 935 террорист залалсыздандырылды» деді.

Йени шафак газеті «Террорист киімін қигендер атқыланады» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Түркия келесі Мүнбич операциясының Мүнбичке бағытталатынын атап көрсетті. Боздағ «Егер АҚШ әскерлері террорист киімін киіп, олардың қатарында көрініп, Түрік қарулы күштеріне шабуылдайтын болса, оларды ажырату мүмкін емес» деді.

Хабертүрік газеті «Түрік автокөлік өнеркәсібінен рекорд өндіріс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда жалпы автокөлік өндірісі 13 пайызбен 1 миллион 674 мыңға, автокөлік өндірісі болса 18 пайыз өсумен 1 миллион 121 мыңға шығып жатқанда, әрі жалпы автокөлік, әрі автокөлік өндірісінде ең жоғарғы сатыға қол жеткізілді.

Хүррийет газеті «Екі түрік әлемнің үміті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германияда өмір сүрген профессор Уғур Шахин мен жұбайы дәрігер Өзлем Түреджидің жылдардан бері ісік ауруды емдеу үшін жүргізгендері зерттеулер бүкіл әлемнің жаңа үмітіне айналды. Профессор Шахин мен дәрігер Түреджи ісікпен ауыратын 13 науқаста ісіктің қайталануын маңызды мөлшерде тоқтатты. 1 науқаста болса ісіктің толығымен жазылғаны байқалды.



Ұқсас жаңалықтар