Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

884405
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Керемет Канал Стамбул жобасы дайын» деген хабарға орын берген. Газет Түркияның 2023 нысаны жолындағы керемет жобалардың бірі Қаратеңізді Жерорта теңізіне жалғайтын Канал Стамбул үшін орын мен резерв жүйесі жоспарының тамамдалғанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Канал Стамбулдың ұзындығы 45,2 километр болады. Стамбул Бұғазынан сауда кемелері 1923 жылы қол қойылған Монтро келісімі прқылы өтеді. Келісім жасалған кезеңде Бұғаздан жылына 3 мың кеме өтетін. Алайда бұл санақ осы таңда 50 мыңнан асты. 2030 жылы 65 мыңға, 2050 жылы болса 100 мыңға жетуі межеленуде. Суэц Каналынан жылына 17 мың кеме өтуде. Ал  қала желістері мен балықшы қайықтарымен бірге Стамбул Бұғазының қарбаластығы күніне 2 мың 500.

Сабах газеті «Өнеркәсіп өндірісінде 10 жылдың ең тез қарқында артқан айы» атты тақырып қолданған. Газет өткен жылдың үшінші ширегінде 11,1 пайыздық артумен әлемнің ең тез үлкейген Түркияда дамудың тез қарқынды түрде жалғасқанын жариялаған. Түркия статистика мекемесі тарапынан кеше жарияланған көрсеткіштерге қарағанда өнеркәсіп өндірісі 2017 жылы қараша айында өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 7 пайыз артты.  Бұдан бұрын 5.6 пайыз ретінде межеленген еді. Өнеркәсіп өндірісінің қараша айында жылдық 7 пайыз артып, соңғы 10 жылдың ең жоғарғы қараша айы артуын жарыққа шығарды. Маусымдық факторы есептелмеген өнеркәсіп өндірісі болса қараша айында қазан айымен салыстырғанда 0,3 пайыз артты.

Стар газеті хабарын «EMITT 2018-ге қызығушылық өте көп» деген тақырыбымен берген. Газет Түркияның ең үлкен туризм организацияларының бірі EMITT 2018-ге шетелдіктер қатты қызығушылық көрсеткенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда 25-28 қаңтар күндері аралығында Стамбулда қақпаларын ашатын жәрмеңкеге 106 елден 900-ден астам фирма қатысады. Жәрмеңке 50 мыңнан астам адамды қарсы алады. Қатысушы саны өткен жылмен салыстырғанда 30 пайыз артады.

Йени Шафак газеті «Ежелгі DNA-ны түріктер зерттейді» атты хабарға орын берген. Газет Еуропа зерттеу кеңесінің жаңа тас ғасырында Анадолыда өмір сүрген 1500 адамға тән алғашқы DNA анализдердің жасалуы үшін Анкарадағы Орташығыс Техникалық Университеті (ODTÜ)-не 2,5 миллиард евролық бюджет бергенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда анализ етілетін үлгілер Түркия географиясында осы таңға дейін жүргізілетін ең көлемді еңбек болады.

Хабар Түрік газеті «Ақ жаннат, ежелгі бассейн адамды қызықтыруда» деген тақырып қолданған. Газет ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне Памуккале, Иераполис ежелгі қаланың талай ғасырдан бері шипа орталығы ретінде қолданылып келгенін хабарлаған. 



Ұқсас жаңалықтар