Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

872928
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Сенің ата-бабаң қайда еді?» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған 42-ші ауыл басшылары жиналысында үн қатты. Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Сыртқы істер министрінің Мадина қаласындағы қасиетті аманаттарды құтқарып, Стамбұлға әкелген Фахреттин Паша жайлы әлеуметтік медиада жазғандарына наразылық көрсетті. Президент Ердоған «Ей, жала жапқан бейшара сенің ата-бабаң қайда еді? Фахреттин Паша 2 жыл 7 ай бойынша қорғаған Мадина қаласындағы жұмыстары, соғысы мақтан тұтарлықтай. Ұялмай Ердоғанның ата-бабаларының қасиетті аманаттарды сол жерден ұрлап, Стамбұлға әкелгенін айтқан тентектер! Ол аманаттарды сол жерді басып алуға келгендерден қорғады, шәйіт болуды таңдаған паша қасиетті аманаттарды 2 мың адаммен қорғауға алып, Стамбұлға жіберді. Тарихымыздың бұл маңызды тұлғасына жала жапқандардың бүгін кімдермен, қай жерде, не істеп жатқандарын біз өте жақсы білеміз» деді.

Сабах газеті «Енді әлем өзгерді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында Иерусалим жобасымен байланысты ертең өтетін дауыс беру кезеңіне қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына барды. Әуежайда Палестина Сыртқы істер министрімен ортақ баспасөз жиналысы өткізген Чавушоғлу «Ертең Бас Ассамблеяда дауыс беріледі. Біз осында мықты бір қолдау шығатынына сенеміз. Өйткені бұл шешім тек қана мұсылмандар емес, христиандарды да мазасыздандырды» деді.

Сабах газеті «Түркия Солтүстік Корея саммитіне шақырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Канаданың Ванкувер қаласында 16 қаңтар күніне жоспарланған Солтүстік Корея Саммитіне Түркия да қатысады. Түркияның Оттавадағы елшісі Селчук Үнал Түркияның Ванкувер қаласында 16 қаңтар күні өтетін Солтүстік Корея Саммитіне шақырылғанын атап көрсетті. Шақырудың Канада тарапынан Анкараға жіберілгенін атап көрсеткен Үнал Канада мен Америка Құрама Штаттары қонақжайлық жасайтын саммиттің 1950-1953 жылдары арасында Корея соғысына қатысқан елдер арасында ұйымдастырылғанын атап көрсетті.

Ватан газеті «Түрік шайы 23,7 миллион доллар табыс әкелді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Түркиядан қаңтар-қараша кезеңінде 4 мың 958 тонна шай экспортталып, 23 миллион 655 мың 899 доллар табыс түсті. Шығыс Қаратеңіз аймағынан жылдың 11 айлық кезеңінде21 елге барлығы 2 мың 939 тонна шай экспортталып, 10 миллион 949 мың 670 доллар табысқа қол жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар