Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

859124
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан гахеті «Ердоған Меркельмен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның  Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонда сөйлескенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Президент Ердоған мен Меркель әңгімелерінде екі ел қарым-қатынастары, Сирия мәселесі және аймақтық оқиғалар қолға алынды. Президент Ердоған Түркия, Ресей және Иранның қатысуымен 22 қараша күні өткізілген Сочи саммиті жөнінде Меркельге мағлұмат берді. Телефон әңгімелерінде босқындар тақырыбына да тоқталды. Меркель Сириялық босқындармен байланысты Түркияға уәде берілген Еуропа Одағы жәрдемінің жеткізілуінің тездетілуі үшін атсалысқанын білдірді. Екі лидер ПКК болып барлық террор ұйымдарымен күресуде ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. 

Йени Шафак газеті «Көмірде қауіпсіз металлургия» атты тақырып қолданған. Газет Энергия және табиғи ресурстары министрі Берат Албайрактың энергияда шетелге тәуелділіктен құтылу үшін қауіпсіз көмір кенін қалыптастыратынын айтты. Екінші отандық көмір жұмыс тобында сөз сөйлеген Албайрак «Барлық көмір кенінде ақылды көмір кезеңін бастаймыз. Стратегиямыз адамға, білімге және жүйелі басқаруға шоғырланады» деді.

Сабах газеті хабарын «Түрік автокөлік фирмалары AUTOMECHANİKA Шанхай жәрмеңкесінде» деген тақырыбымен берген.  Газет Улудаг автомобиль индустриясы экспортшылар одағының әр жылы 72 миллиард долларлық импорт жасаған Қытай нарығынан Түркияның алған үлесін арттыру үшін AUTOMECHANİKA Шанхай жәрмеңкесіне 37 түрік фирмасының қатысқанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда әлемдегі 140 елден 130 мыңға тарта адам AUTOMECHANİKA Шанхай жәрмеңкесін зиярат етті және түрік фирмаларына қатты ілтипат көрсетті.

Стар газеті «Осы жылдың аяғында  31,4 миллион туристті күтіп аламыз» атты хабарға орын берген. Газет Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуштың осы жылдың аяғында  турист санының 31,4 миллион және кірістің 26 миллиард долларға жететінін айтқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Анталияда ұйымдастырылған 7-ші Халықаралық Resort туризм конгресінде сөз сөйлеген Куртулмуш «Түркия турист санымен ғана емес, туризмнен түсірген керістерімен де әлемнің маңызды елі болады» деді.

Хабар Түрік газеті «TÜRKÖK-те 500-ші трансплантациялау жүзеге асырылды» деген тақырып қолданған. Газет сүйек жілігін трансплантациялауды күткен науқастардың үміті болған Түркия түбір клетка координация орталығы TÜRKÖK-те 500-ші трансплантациялау жүзеге асырылғанын жазған.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар