Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

841339
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ресей Сирия халықтары конференциясы кейінге қалдырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын 8 қараша күні Сочи қаласында өтетін Сирия келіссөздері тақырыпты жиналысқа Ресейдің бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-ні шақыруымен байланысты «Ресейдің бізге айтқаны жиналыстың кейінге қалдырылғаны және сол жерге PYD-нің шақырылмайтыны жөнінде» деді. Түркия террор ұйымы PYD-нің жиналысқа шақырылуына наразылық білдірген болатын.

Хүррйиет газеті «Ізгіниет елшілері Түркияда» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Халықаралық қызыл крест және қызыл жарты ай қоғамдары федерациясы жалпы кеңес жиналысы 1969 жылдан бері алғаш рет Түркияда ұйымдастырылды. Анталияда 189 елден мың 600 адам қатысатын жиналыстың негізгі күн тәртібін «Адамзаттың күші» тақырыбы құрайды. 11 қараша күніне дейін жалғасатын жиналыстарда Халықаралық қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары федерациясының жаңа төрағасы, төраға орынбасарлары және Атқару кеңесі мүшелері, Африка, АҚШ, Азия және Еуропадан бастап, 4 аймақтың әкімшіліктері тарапынан өткізілетін сайлаумен анықталады.

Хабертүрік газеті «Силопи-Хабур аймағындағы жаттығу жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ирак шекарасында Хабур шекара қақпасының шамамен 3 шақырым қашықтығындағы жүк көлігі паркі алдында 18 қыркүйек күні басталған 7-ші Армия қолбасшысы генерал-лейтенант Синан Йайла басқаруындағы, 28. Сауытты бригада қолбасшысы генерал майор Ахмет Курумахмут қолбасшылығымен жүргізілген әскери жаттығу Ирак қарулы күштері жасақтарының қатысуымен жалғасуда.

Стар газеті «Жергілікті камерамен миналар анықталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Хаджеттепе Технокентте зерттеу және дамыту жұмыстары жалғасқан MS SPEKTRAL фирмасы топырақ астындағы қимылдар мен жер үстіндегі кабелдерді анықтап, мина және жарылғышты көрсететін «hiperspektral камера» өндірді.

Йени шафак газеті «Отандық автокөліктің ішкі нарығы дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған өткен апта жариялаған Түркияның автокөлік өндіруші фирмалары мен жобасында маңызды бір детальге де назар аударды. Миллиондаған сауда күшімен Түркияның ішкі нарығының күшейгенін атап көрсеткен президент Ердоған отандық автокөлік нарығының дайын екенін білдірді. Көрсеткіштерге қарағанда ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында 253 мың болған жергілікті өндіріс жалпы 720 мың көлікке ұласады. Түркия автокөлік және жеңіл көлік саудасы биылдың қазан айында 2016 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 10,54 пайыз өсіп, 91 мың 752-ге ұласты. Жалпы нарықта өткен жылдың қазан айында 83 мың көлік сатылған болатын. Аталмыш кезеңде автокөлік саудасы 10,58 пайыз өсіп, 70 мың 488-ге ұласты.



Ұқсас жаңалықтар