Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

837577
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Үш ел бірлік ішінде» деген хабарға орын берген. Газет Қытайдан Еуропаға жалғанатын, яғни тарихи Жібек Жолын қайтадан жүзеге асыратын Баку-Тбилиси-Карс теміржолының ашылуының кеше Әзірбайжанның астанасы Бакуде рәсіммен болып өткенін жазған.  Газеттің хабарына қарағанда Президент Ердоғанды Баку Гайдар Алиев халықаралық әуежайында Әзірбайжан вице-премьері Ягуб Эййубов, Әзірбайжанның Анкарадағы өкілетті елшісі Хазар Ибрагим, Түркияның Баку өкілетті елшісі Эркан Өзорал және өкілетті елшілік қызметкерлері қарсы алды. Жұбайы Эмине Ердоған, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Энергия министрі Берат Албайрак, Ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли және Қатынас министрі Ахмет Арслан да Бакуге барды. Президент Режеп Тайып Ердоған Баку-Тбилиси-Карс темір жолының экономикалық табысының аймақ бейбітшілігі, қауіпсіздік және тұрақтылыққа үлес қосатынын атап көрсетті. Президент ашылу рәсімінде айтқан сөзінде «Табандылығымыз бен ұстанымымыздың туындысы ретінде жоба қайрат, белсенділік, маңдайдың терімен іске қосылған аса маңызды бір жұмыс болды» деді.Желінің аймаққа экономикалық табысының аймақ бейбітшілігі, қауіпсіздік және тұрақтылығына үлес қосатынын айтқан Ердоған «Желі жүк және адам қозғалысына қоса, ақпарат қимылымен де еліміздің жетілуіне үлес қосады» деді. Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасының 1 миллион жолаушы және 6,5 миллион тонналық жүк тасымалдау күшіне ие екенін айтып берген Ердоған «Теміржолы желісі күшінің 2030 жылы 3 миллион жолаушы, 17 миллион тонналық жүкке ұласады» деді.

Хүрриет газеті «Алпауыт жоба аяқталуға аз қалды» атты тақырып қолданған.   Газет Транс Анадолы табиғи құбыр желісі TANAP Бас директоры Салтук Дүзйолдың Түркия-Грузия шекарасынан басталып Ескишехирге дейін жалғасқан 1350 километр ұзындығындағы желістің алғашқы сатысының тез қарқынды ілгерілегенін айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Дүзейол «Алдымыздағы жылдың басынан бастап желістің толтырыла басталуы және жүйелердің тест етілуі мақсатымен құбыр желісінің Түркия-Грузия шекарасындағы кіріс түйінінде жүйеге газ алына басталады. Құбыр желіс жүйесін құраған барлық базаларды газды ортада бір-бірден тест етіледі. Бұларға мөлшермен 6 айлық мерзім босаттық. Алла бұйырса, маусым 2018 жылы аяғында Түркияға сауда газ тапсырысының басталуы үшін дайын болады» деді.

Хабар Түрік газеті хабарын «Жаңа Зигана туннелі біткенде Еуропаның ең ұзын және әлемнің болса екінші ең ұзын туннелі болады» деген тақырыбымен берген. Газет Шығыс Қаратеңіз бен Кавказды, Орташығыс пен Иранға жалғайтын Трабзон-Гүмүшхане автожолы үстінде болған тарихи Жібек Жолындағы Жаңа Гигана туннелінде жұмыстардың жалғасқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Жаңа Зигана туннелі біткенде Түркия мен Еуропаның ең ұзын және әлемнің болса екінші ең ұзын туннелі болады. Бір жарым жыл бұрын басталған Трабзон-Гүмүшхане автожолы үстіндегі Жаңа Зигана туннелінде осы таңға дейін екі тараптан жұп жол ретінде 8807 метрлік қазба жұмысы жасалды.

Жаңа Шафак газеті «Түркия еркектер еркін және греко-рим саласында Балкан чемпионы болды» атты хабарға орын берген. Газет Бурсаның Изник ауданында аяқталған 3-ші Халықаралық Бастар Балкан Чемпионатында Түркия еркектер еркін және греко-рим саласында чемпион болғанын жазған.

 


Этикеттер: #Қытай , #Иран , #Баку

Ұқсас жаңалықтар