Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

834595
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «ПКК-ға қарсы ортақ күрес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибадиді президенттік сарайда қабылдады. Ердоған Ибадимен кездесуінің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді. Ердоған жиналыста террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы Ирак армиясы жүргізген күрестің нәтиже бергенін атап, бірақ ДАИШ-тен тазартылған аймаққа бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның қоныстану талпынысы бар екенін атап көрсетті. Ердоған «ПКК-ның Иракта құрылымы бар екенін білеміз. Кандил сияқты, Синджар сияқты, бұл аймақтарда да ПКК-ның болмысы бар. Бұл жерлерде біздер мықты ынтымақтастық аясында ортақ күрес жүргізу үшін Түркия ретінде дайынбыз» деді.

Сабах газеті «Йылдырым: екі сандық өсу көрсеткіші сюрприз емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Измирде Эгей Экономикалық форумында жасаған баяндамасында Түркияда экономикалық өсудің жылдың соңына дейін 7 пайызға ұласуының сюрприз болмайтынын атап көрсетті. Йылдырым «2017 жылы Түркияның алдын ашатын маңызды шешімдер қабылдадық. Өсу процесі арта бастады. Түркияның 2018 жылы, 2017 жылдан жақсы болатыны белгілі. Үшінші ширекте Түркия Үлкен 20 тобы елдері арасында ең көп өскен мемлекет болады. Екі сандық көрсеткіштерге ұласатын болсақ таңқалмаңдар. Халықаралық несие бағалау мекемелері Түркияның өркендеу болжамдарында сынақтан өте алмады» деді.

Стар газеті «Түркия генетикасы өзгертілмеген мақта өндірісінде бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия әдеттегі жетілдіру әдістерімен өндірілген дәндермен әлемде ең көп мақта өндірген ел болды. Түркия республиканың алғашқы жылдары басталған мақта зерттеулерімен генетикалық өзгеріс ұстанбай классикалық әдіспен мақта жетілдірген аппаратпен жинақтауға ыңғайлы, өнімді, жоғары сапалы және ауруларға шыдамды отандық мақта дәні жетілдіреді.

Хабер түрік газеті «Түркия Еуроодаққа моторлы көлік экспортында алғашқы орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік автокөлік өнеркәсібі бірінен соң бірі рекорд жаңартады. Түркия Еуроодаққа моторлы көлік экспортында Жапония, Оңтүстік Корея және АҚШ сияқты алпауыттарды артта қалдырып, өткен жылы бірінші орынды иеледі. Еуроодақ елдерінің өткен жылы шамамен 45,7 миллиард евро құнында, 3,4 миллион моторлы көлік импорттады.



Ұқсас жаңалықтар