Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

833054
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Еуропаның аяусыз сценарийі» деген хабарға орын берген. Газет Босния-Герцоговинаның құрушысы және бірінші президенті Алия Иззетбеговичтің дүниеден өтуінің 14 жылдығында кеше Бештепе Миллет атындағы Мәдениет және конгресс орталығында еске алу рәсімінің ұйымдастырылғанын жазған. Еске алу бағдарламасына Президент Режеп Тайып Ероған және жұбайы Эмине Ердоған, Босния-Герцоговина премьер-министрлік кеңесі мүшесі Бекир Иззетбегович және жұбайы Семиха Иззетбегович қатысты. Ердоған баяндамасында Еуропаны сынға тартты. Ердоған өткен апта Австрияның Түркияға келу үшін жолға аттанған жолаушыларды Вена әуежайында полиция иттеріне иіскеткен бейне көріністеріне наразылық көрсетті. Ердоған Голландияда  өткен сайлауға байланысты «Соңғы сайлауда голландиялықтардың содырларымен түріктерге қалай шабуыл жасағандарын көрдік. Бұл нәсілшілдік кең қанат жайған бір Еуропаның апатқа қарай бет алғаны дегендік. Бұл көрініс аяусыз бір сценарийді көрсетуде» деді.

Йени Шафак газеті «Абади ертең Анкараға келеді» атты тақырып қолданған. Газет Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадидің 25 қазан сәрсенбі күні Анкараға келетінін жазған. Газеттің хабары бойынша премьер-министрлік қайнарларынан алынған мағлұматқа қарағанда Абади сапар аясында Чанкая Сарайында премьер-министр Бинали Йылдырыммен кездеседі. Йылдырым мен Абади кездесуде Түркия мен Ирак арасындағы ынтымақтастықтың аймақтық бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікке үлес қосатындай дамытылуын қолға алады. Кездесуде сонымен қатар Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің 25 қыркүйекте өткізілген заңсыз референдумнен кейін болған оқиғалар және осы аяда бірлесе басылатын қадамдар талқыланады.

Сабах газеті хабарын «Түркиядан Араканға 50 миллион доллар» деген тақырыбымен берген. Газет аракандық мұсылмандарға 50 миллион доллардың үстінде жәрдем беретінін мәлімдеген Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымынан «жаһандық деңгейдегі жомарт бір ел» деген мақтауға ие болғанын жариялады. Газеттің хабарына қарағанда Еуропа Одағы мен Кувейт мұрындық болған, сондай-ақ Халықаралық келімсектер ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы босқындар жоғарғы басқармасы мен БҰҰ гуманитарлық жұмыстар координациясы офисінің бірге ұйымдастырған «аракандық босқындар үшін халықаралық жәрдем конференциясы» кеше Швейцарияда өткізілді.  Түркияның БҰҰ Женева офисінің тұрақты өкілі Али Нажи Кору Түркияның аракандық мұсылмандар үшін жасайтын гуманитарлық жәрдем көлемінің 50 миллион доллардан асатынын баяндады. БҰҰ босқындар жоғары басқармасы басшысы да Коруның осы мәлімдемелерін мақтады.

Стар газеті «Түркия жұмыспен қамтамасыз етуде 24 Еуропа елдерімен тең» атты хабарға орын берген. Газет Түркияның 5 жылда  2 миллион 384 мың адамды жұмыспен қамтамасыз еткені және Еуропада ең көп жұмыспен қамтамасыз еткен бір ел екенінің жарыққа шыққанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия статистика мекемесі мен Eurostat-тің көрсеткіштері бойынша 2012 жылы  24 миллион 821 мың адамның жұмыспен қамтамасыз етілгенін, сондай-ақ жұмыспен қамтамасыз ету сыны  2016 жылынан бастап  27 миллион 205 адамға жеткен кезде  5 жылда  2 миллион 384 мың болды. Түркиядан кейін ең көп жұмыспен қамтамасыз еткен ел болса 2 миллион 31 мың адаммен Ұлыбритания болды.

Ватан газеті «Неміс туристтер оңтүстікке келуде» деген тақырып қолданған. Газет Германия туризм индустриясы федерал олағы төрағасы Мишель Френзелдің Түркияға келетін неміс турист санында арту байқалғанын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Френзел «Германиядан Түркияға келетін турист саны көбеюде» деді.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар