Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем жаңалықтарына орын берген.

830914
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Нигерияға инвестиция салу жөнінде іскерлерге үндеу тасталды» деген хабарға орын берген. Газет Нигерия Президенті Мұхаммед Бухаридің Түркияға келгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Нигерия Президенті  Мұхаммед Бухаримен бірге баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Баспасөз мәслихатында Ердоған Нигерияның өркендеуінде түрік фирмаларының міндет алуға дайын екенін түсіндіріп, электр және энергия саласында ынтымақтастықты қолға алғандарын, сондай-ақ ортақ жобалардың кеңейтуге болатынын айтты.

Хүрриет газеті «Сезімталдығымыз бірдей» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің 25 қыркүйекті ұйымдастырған заңсыз референдумі және Ирак орталық үкіметтің килігуінен кейін кеше Иран Президентінің бірінші орынбасары Исхак Жихангири Чанкая сарайында күтіп алды. Премьер-министр Йылдырым «Астана процесі және одан кейінгі қақтығыссыз аймақтың құрылуы арқасында осы жердегі дағдарыстар азайды. Бұл жөнінде Ирак, Иран, Түркия және Ресейдің еңбектері үлкен» деді.  Бинали Йылдырым бұл жердегі маңызды мәселе енді Ирак және Сирияның территория тұтастығына қауіп болмайды. Бұл талпыныс сонымен қатар Иран мен Түркияның аймақтағы мүдделеріне қайшы емес. Осы тұрғыдан алғанда аймақтың болашағымен байланысты сезімталдығымыз Иранмен бірдей» деген сөздер қолданды.

Сабах хабарын «TRT World Еуропадағы босқын балаларының үні болуда» деген тақырыбымен берген. Газет TRT World-тың таралымындағы мықтылығымен қатар маңызды бір әлеуметтік жауапкершілік жобасына таңба басқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда TRT World гуманитарлық түсінігімен Еуропадағы босқын балаларға жәрдем қолын созуда. «World Citizen» атымен басталған жоба арқылы баланы алып қашу әрекетін, жыныстық жәбір қимылын және дене орган сауданы тосуды көздеуде. TRT World барша әлемге аян болған, бірақ ешкім көңіл бөлмеген босқын балаларға жәрдем беруде. Осы аяда алғашқы сатыда Еуропадағы лагерлерде шағын кітаптар таратып, бабалардың өздерін қалай қорғауы жөнінде мағлұмат беруде.

Ватан газеті «Еуропа Одағы Түркиямен қарым-қатынастарын күшейту жағында» атты хабарға орын берген. Газет Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің Бельгияның астанасы Брюссельде өткізілген Еуропа Одағы лидерлер саммитінің бірінші күнінен кейін баспасөз мәслихат ұйымдастырғанын жариялаған. Газеттің хабарында Меркель ешбір Еуропа Одағы елінің Түркиямен мүшелік келіссөздерінің тоқтатылуын қаламағанын баяндап, Анкарамен диалог құру жағында екенін айтты. Меркель «Бұдан кейінгі қадам Түркиямен байланыс жасау болуы керек» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия Сириядағы қауіпсіздік алаңын кеңейтуде» деген тақырып қолданған. Газет Сириядағы террор коридорын үзу және қауіп-қатерлерді жою үшін Евфрат қалқанын бастаған Түркияның қауіпсіздік алаңын кеңейткенін жазған.

 

 

 


Этикеттер: #Иран , #Ирак , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар