Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

826239
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Күшті Түркия үшін жұмыс істеулеріңіз керек» деген хабарға орын берді. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Президенттік Сарайындағы губернаторлар жиналысында жасаған баяндамасында Америка Құрама Штаттары болып барша әлемге үндеу тастағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның әр салада дамығанын түсіндірген Ердоған «Күшті бір Түркияны көре алмауда. Мемлекетіміздің осы күнгі жағдайына іштері тарылуда» деген сөздер қолданды. АҚШ пен Түркия арасындағы виза дағдарысының бұның ең айқын дәлелі екенін айтқан Ердоған Түркияның ешкімге мұқтаж емес екенін де атап өтті.

Хабар Түрік газеті «Отандық қарулар Америка қаруларынан тіпті сапалы» атты тақырып қолданған. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Бұдан кейін біздің полициямыз Sig Sauer деген бір қаруды қолданбайды. Біз енді осы тапаншаларды немесе ұзақ атымды қаруларды елімізде өндіреміз.  Өйткені олардан қару алған сайын біз де жалқау болады екенбіз. Біз өз қырауларымызды өндірейік» деген мәлімдемесіне орын берген. Ердоған осы мәлімдемеден кейін шетелдік қару жүйесіне үйлесімді отандық және ұлттық жобаларға назар аударды. Бұлардан Ұлттық мылтық (MPT-76) Әлем армиялары қолданған мылтықтардан үстем ерекшеліктерін бірлестіріп дизайн етілді. MPT-76 НАТО-ның барлық тестінен өтетін жалғыз қару.

Сабах газеті хабарын «АҚШ консульдықтарында жұмыс істегендердің FETÖ-мен байланысы болғаны анықталды» деген тақырыбымен берді. Газеттің хабарына қарағанда АҚШ-тың Анкарадағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Басс ұйымдастырған баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Стамбул Консулдығында жұмыс істегендердің Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ мүшелерімен үнемі байланыс жасауда болғаны туралы бір дәлелдің болмағанын айтты.  Сабах газеті ұсталған тыңшының FETÖ мүшесі террористтермен талай рет байланыс жасағаны жөніндегі дәлелдерді тапты. Газеттің ұсынған дәлелдерінде телефон әңгімелерінде бар. Тыңшылардың қашан қайсы FETÖ мүшелерімен сөйлескенін тіркелген.

Йени Шафак газеті «Түркия Идлибте қақтығыссыз аймақ құру үшін атсалысуда» атты тақырып қолданған. Газет Арнайы күштердің барлау жұмыстарының тамамдалуынан кейін алғашқы жасақтардың түнде Идлибке барғанын жариялаған.

Ватан газеті «Швеция Түркияның Еуропа Одағы мүшелігіне қолдау көрсетуде» деген хабарға орын берген. Газет Швеция үкіметінің Македония мен Түркияның Еуропа Одағы мүшелік процесіне жалғасты қолдау беретінін жариялағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Швеция үкіметінің ресми парақшасында орын алған мәлімдемеде осы елдің «Шығыс Еуропа, Батыс Балкан және Түркиямен жасалған реформа ынтымақтастығы қорытынды стратегия келісімі аясында атылмыш елдерді Еуропа Олағына қатысуын қолдаймыз. Осылайша аймақта экономика, демократия және қоршаған орта тұрғысынан жалғастыруға болатын өркендеуге үлес қосады» деген сөздерге орын берген.

        

 



Ұқсас жаңалықтар