Түрік  баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

809090
Түрік  баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Иракты бөлуге рұқсат етпейміз» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Ердоған 25 қыркүйек күні тәуелсіздік үшін референдум өткізуді жоспарлаған Ирак күрд аймақтық әкімшілігі басшысы Барзаниге қатаң ескерту жасады.  «Ирактың бөлінуіне бағытталған бір қадам бассаңыз, біз де сіздің істеріңіздің жалғасуына рұқсат бермейміз» деді. БҰҰ Бас ассамблеясының сессияларына қатысу мақсатымен Нью-Йоркқа кеткен президент Ердоған Солтүстік Ирактағы процеске қарсы түбегейлі шешімнің 22 қыркүйек күні өтетін ТР Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысында берілетінін айтты.

Стар газеті «Референдум мәселесі Хабурды жаптыруы мүмкін» деген хабарға орын берген.  Барзани әкімшілігі барлық ескертулерге қарамастан «тәуелсіздік үшін референдумда» көнбесе, Эрбильге ашылған Хабур шекара қақпасы жабылуы мүмкін.  Түркия бір жақтан әскери операция таңдауын талқыласа, бір жағынан да Эрбиль әкімшілігін «экономикалық» тұрғыдан тұйыққа тіреуге тырысады. Түрікмендерге жаңа сауда жолын ашатын Тель-Афарға қарасты Замар ауылына жаңа шекара қақпасы ашылуы да күн тәртібіне келуі мүмкін.

Сабах газеті экономика хабарына орын берген. Вице-премьер Мехмет Шимшек Түркияның 5 пайыздан жоғары тұрақты өсім көрсеткішін жалғастыратынын айтты. Түркия Экспортшылар мәжілісі ұйымдастырған Өкілетті елшілердің Газиантептегі кездесуіне қатысқан вице-премьер «2018 жылы өсімді жалғастырамыз.  Осыған қосымша АҚШ және Еуропа Орталық банктерінің де қаржы жағынан кеңейе түсетінін көріп отырмыз» деді.

Хабертүрік газеті «Ара шаруашылығы конгресі бірінші рет Түркияда» деген хабар жариялаған.  Бүкіләлемдік Ара шаруашылығы федерациясы тарапынан 1897 жылынан бері ұйымдастырылып келе жатқан Apimondia Халықаралық конгресі 120 жылдығында бірінші рет Түркияда өтеді. 29 қыркүйек пен 4 қазан күндері арасында Стамбулда болатын шараға 105 елден 15 мың қатысушы келеді деп жоспарланды.

Хүрриет газеті Хатайдың Антакия ауданында Рим дәуірінен қалған ипподром және храмның жарыққа шыққанын хабарлаған. Ғимарат Римдегі Circis Maximus-тан да үлкен деп есептеледі.  Ұзындығы 500 метр, ені 75 метр ипподромның біздің дәуірімізден бұрынғы бірінші ғасырда салынғаны болжалып отыр.



Ұқсас жаңалықтар