Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

794311
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Иранмен ортақ операция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымдарына қарсы Иранмен ортақ операция жасалуы тақырыбының күн тәртіпте екенін жариялады.Иорданияға барған Erdoğan әуе жайында жасаған мәлімдемеде Иран Бас Штаб Басқармасы төрағасы Мұхаммед Бакыридің Түркия сапарында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға бағытталған ортақ операцияның талқыланғанын атап айтты. 9 жыл үзілістің артынан Иорданияға барған және король 2-ші Абдуллахпен Әл-Хүсейнийе сарайында оңаша кездескен президент Түркия мен Иорданияның аймақтық дағдарыс тікелей ықпал еткен екі ел екенін атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Ең тұрақты мемлекет Түркия болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым бұдан кейінгі ондаған жылда Түркияның ең тұрақты ел болатынын атап көрсетті. Йылдырым Сингапур-Түркия іскер форумында іскерлерге инвестиция үшін сенім мен кепілдіктің маңызды екеніне назар аударды. Сингапур сапарында ISEAS Юсуф Исхак Институты тарапынан 41-ші рет ұйымдастырылған «Singapore Lecture» конференциясына баяндамашы ретінде қатысқан Йылдырым «Түркияның негізгі сыртқы саясаты бүгінде актуальды. Кеден Одағын жаңартып, сауда көлемін екі есе арттыруды нысанаға алып отырмыз» деді. Сингапур премьер-министр Lee Hsien Loong және премьер-министр Йылдырым делегация аралық кездесудің артынан ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды.

Йени Шафак газеті «Сыртқы істер министрлігінен Бағдат пен Эрбиль сапары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ертең Иракқа ресми сапармен барады. Сапар аясындаБағдат және Эрбильде байланыстарын жалғастырады. Чавушоғлуның сапары барысында Түркия-Ирак ынтымақтастығы тақырыптары күұн тәртіпке келеді және Бағдатта Ирак елбасы Фуад Масум, премьер-министр Хайдар әл-Ибади, Өкілдер Мәжілісі төрағасы Селим Джубури, Сыртқы істер министрі Ибрахим Джаферимен кездесіп, ирактық түрікмен саясат қайраткерлерімен бас қосады. Кейін Ербилге өтетін министр Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы мен кездесуді жоспарлайды.

Хабертүрік газеті «Түркия Louvre мұражайындағы ‘Киік аулау’ атты жәдігердің қайтарылуын талап етті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Малатия Мәдениет және туризм қалалық дирекциясы Францияның бас қаласы Париждегі «Louvre» мұражайында тұрған және Малатияның 7 шақырым солтүстігіндегі Арслантепе құрғанынан 1891 жылы алып кеткен «Киік аулау» атты жәдігерді кері қайтару үшін жұмыстар басталды.

Стар газеті «Метехан Әлем чемпионы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Францияның бас қаласы Парижде ұйымдастырылған чемпионаттың алғашқы күні грек-рим күресі категориясында 85 кг. салмақта ақтық жарысқа шыққан Метехан Башар неміс қарсыласы Кудламен алтын медаль үшін жарысты. Кудланы 2-1 жеңген Метехан алтын медальге қол жеткізіп, карьерасының алғашқы әлем чемпиондығына қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар