Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

789277
Түрік баспасөзіне шолу

Акшам газеті «9-дан астам ел Түркияның есігін қақты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өткен жылы құрылған Түркия Актив қоры бір жыл өтпей тұрып, әлемнің назарын аударды. 9-дан астам ел қаржы, энергия, қатынас-логистикалық, телекоммуникация-технология, ауылшаруашылығы мен азық-түлік салаларында 14 фирма, 2 лицензиямен жалпы портфелдік құны 40 миллиард долларға көтерілген және әлемнің алғашқы 20 қоры қатарындағы Түркия Актив қорының есігін қаға бастады.

Стар газеті «Түркия шілде айында экспорт рекорды жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Экономика министрі Нихат Зейбекчи Түркияның экспортта үстіміздегі жылдың шілде айында рекорд жаңартқанын атап, 2017 жылдың бірінші ширегінде әлемнің ең жақсы дамыған 20 елі қатарында ең жылдам өскен үшінші ел екеніне назар аударып, «Экспортта шілде айында тарихи бір рекорд жаңарттық. Айлық 28 пайыз өстік. Биыл Түркия әлемнің ең жылдам өскен үш үлкен елінен бірі болмақ. Нысанамыз әлемнің алғашқы 10 экономикасынан бірі, Еуроодақта болса алғашқы үш елдің бірі болмақ. Құдай қаласа бұл болады» деді.

Ватан газеті «Отандық жер серігі жоспары жүзеге асуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Отандық жер серігі 6А-ның жұмыстары жылдамдатылды. 33 түрік инженері мен 354 жұмысшы қызмет еткен жер серігі жобасы үшін 600 миллион лираға шығын жұмсалады. Нысанаға алынған жер серігі 2019 жылы ғарышқа ұшады. Аяқталған кезде 4 тонна салмаққа ие болатын жер серігі 42 градус бойлыққа орналастырылып, 6A жүйесі Түріксат тарапынан Азия, Еуропа және Солтүстік пен Орталық Африка құрлықтарына ауқымды интернет, радио-теледидар эфирлері, ГСМ қызметі мен сенімді коммуникациялық қызмет беретін болады.

Йени шафак газеті «Түркияның самалы өсуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда жел энергиясы инвестициялары жылдам артуда. Жаңартыла алатын энергия бас дирекциясы алғашқы мағлұматтарға қарағанда еліміздің 10 мың MW теңіз үстінде, 38 мың MW құрлықта барлығы 48 мың MW-тық техно экономикалық жел күші бар екені жарияланды.

Ватан газеті Халықаралық несие бағалау мекемесі S&P-тың «Түрік телекоммуникация мекемесі бәсекелестік құрылымымен кірістерін арттырады» деген сөздерін тақырып қылған. Хабарға қарағанда Халықаралық несие бағалау мекемесі «Standart & Poors» (S&P) Түрік телекомның несие бағасын инвестиция саларлық деңгейде «BBB-» ретінде бағалады.  Бағалауда инфрақұрылымдық инвестицияларына және осылар қамтамасыз еткен мықты кіріс пен өсуге назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар