Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

784945
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Түркия ASEAN-ға ортақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 50-ші Оңтүстік шығыс Азия елдері одағы (ASEAN) жиналысы аясында Филиппиндерге барды. Чавушоғлу жасаған мәлімдемесінде «Түркия ресми түрде ASEAN-ның секторлық ортағы болды. Жол картамыз мақтаумен қабылданды. Әрі саяси, әрі мекемелік тұрғыдан аймақтағы мемлекеттермен ынтымақтастығымыз одан да жетілетін болады. Іскерлеріміз үшін маңызды мүмкіндіктер болады» деді.

Сабах газеті «Оңтүстік шығыста керемет өзгеріс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бөлшектеуші террор ұйымы ПКК қазған орлар және баррикадалары себепті үлкен зиян келген Диярбакыр, Шырнак, Джизре, Силопи, Нусайбин мен Юксековада қазір жаппай өзгеріс жалғасуда. Муниципалитеттердің ақшасы ПКК-ға емес, халықтың қажеттіліктеріне жұмсала бастаған соң қалалар мен аудандар қысқа уақытта замандас көрініске ие болды. Қираған қалалардағы жобалармен ауыз суы және канализация инфрақұрылымы жаңартылды. Даңғылдар асфальттанып, жаңа мектептер, ауруханалар және парктар салынды.

Ватан газеті «Сауда емес, көрме алаңы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлда 3-ші әуежайының іске қосылуымен Ататүрік әуежайының тағдыры жайлы мәлімдемені Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан жасады. Арслан Ататүрік әуежайымен байланысты «Стамбұлға тыныс алдырады. Терминалдар көрме алаңы болады. Құрылысқа беріп сауда орталықтары мен тұрғын үй салу деген ниет жоқ» деді.

Хүррийет газеті «Үйге оралуы терапиясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Евфрат қалқаны операциясымен ДАИШ-тен құтқарылған Әл-Баб, Джраблус-Азезге бейбіт сириялықтардың кері оралуы жалғасуда. Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы босқындар жоғары комиссарлығы мамандары Сирияға оралғысы келген әйел, бала және жанұяларға тіршілік шарттары жайлы психологиялық қолдау көрсетеді. Түркияны паналаған 3,5 миллион сириялықтың қоғамдық интеграциясы үшін де жұмыстар жалғасуда.

Йени шафак газеті «Атақты тұлғалар Түркиядан бастартпады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Муғланың Бодрум ауданы Түркияға қызыққан шетелдік іскерлер, актерлер, саясат қайраткерлері, корольдер, активисттер сияқты халықаралық қоғамға танымал көптеген шетелдіктің таңдауына айналды. Ауданға соңғы кездері келушілер арасында яхталарымен келген украиналық іскер Александр Ярославский, мексикандық іскер Рикардо Салинас Плиего, Дания патшалық отбасы мүшелері, ағылшын модел  Кэйт Мусс және бразилиялық модел Андриана Лимаға қоса саясат қайраткерлері мен шетелдік журналисттер орын алады.Неміс Бильд газетінің бұрынғы Бас редакторы Кай Диекманның да Бодрумда демалуы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар