Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі маңызды жаңалықтарға орын берген.

765747
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Германия өзіне қол жұмсайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Германияның сол елде түрік азаматтарына үн қатуына рұқсат бермеумен өзіне қол жұмсағанын атап айтты. Президент Ердоған Германияның Гамбург қаласында 7-8 шілде күні ұйымдастырылатын «Үлкен 20 тобы» елдері саммиті алдында неміс баспасөзіне маңызды мәлімдемелер жасады. Үлкен 20 тобы елдері саммитінің артынан Германияда өмір сүрген түріктермен басқосуына болымсыз көзқарас білдірген Берлин әкімшілігіне наразылық көрсеткен Ердоған «Германия сол жердегі түріктерге үн қатуыма рұқсат бермеумен өзіне қол жұмсайды» деді.

Стар газеті «АҚШ министрі Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Сыртқы істер министрі Рекс Тиллерсон 9-10 шілде күндері Стамбұлға ресми сапар ұйымдастырып жоғары деңгейлі кездесулер өткізеді. АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Тиллерсонның АҚШ президенті Дональд Трамптың Германия сапарына қосылатыны, артынан 9 шілде күні Украинаның бас қаласы Киевке барып, президент Петр Порошенкомен бас қосатыны атап көрсетілген.

Стар газеті «Электрде үздіксіз рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия министрі Берат Албайрактың 1,5 жылдан бері күрескен энергия тарату инфрақұрылымындағы жаңарту жұмыстары электрде мәселесіз бір рекордқа қол жеткізді. 3 шілде күні 927,8 миллион киловат сағатпен бүкіл уақыттардың рекордын жаңартқанына қарамастан тұңғыш рет электр қуаты үзілмеді. Ұлттық энергия және кен саясатын түсіндірген Албайрак мұның алдында Түркияның электр тарату инфрақұрылымы үшін орташа мерзімде 30 миллиард лиралық бір жаңарту бастамасы бастағандарын жариялаған болатын.

Ватан газеті «Стамбұл, Анкара және Измир әуежайларына дене тексеру аппараты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-қа тікелей рейстердегі шаралармен электроникалық жабдықтау тыйымы жойылды. Осы жолы әрі ішкі әрі сыртық бағыттарға дене тексеретін жабдықтар орналастырылады. Алғашқы аппараттардың Ататүрік әуежайына монтажы басталды. Дене тексеруші аппараттарға кірген жолаушыларға жасалған жұмыспен ренген аппараты ерекшелігіне ие технология денеге жасырынған кезкелген затты анықтайды.

Хабертүрік газеті «Жұлдызды сыйға тарттым» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израильдегі Еуропа жастар жүзу чемпионатында 50 метр көбелек жүзу категориясында 23,72 секундпен Түркия рекордын жаңартып, алтын медальді мойынына ілген Үміт Джан Гүреш шешесіне берген уәдені орындағаны үшін қуанышты екенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар