Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

764045
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ұшақ кемемізді де өзіміз өндіреміз» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Президент Ердоған Тузлада “Кыналыада" атты отандық корветті теңізде жүздіру рәсімінде айтқан сөзінде соғыс кемелері тақырыбында жекеменшік және әскери кеме өңдеу зауыттарында жүзеге асқан 14 жоба болғанын, келесі жылы келісім-шарты жасалатын тағы 10 жоба бар екенін атап көрсетті.

Газеттің хабары бойынша барлық бұл жаңалықтардың Түркия орын алған аймақтағы қауіптерге қарсы теңіз саласында жетілдірілген шешімдерге деген маңыздың көрсеткіші екенін атап көрсеткен президент «Иншалла біз ұшақ кемемізді де өзіміз өндіреміз. Осында да табандымыз» деді. Президент Ердоған 2023 жылы қорғаныс өнеркәсібінде шетелге бағыныштылықты толығымен жоюды нысанаға алған бір ел ретінде одан жылдам қадамдар басу керектігін атап айтты.

Йени Шафак газетінің «Эгейде Грекия құқайы» атты тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда Грекия соғыс кемелері Родос су айдында түрік байрағы болған жүк кемеге мылтық атты. Оқтар «M/V ACT» атты кемеге 16 итиді. Осы кемені екі түрік жағажай түрік қауіпсіздік кемесі қорғауында Мармарис жағалауына тоқтады. Грекияның бұл әрекетіне Анкара наразылық білдірді. Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Екі түрік кемежайы арасында жүк тасымалдаған сауда кемесіне мылтық атудың ешқандай сылтауы болмайды. Бұндай оқиғаның қайталанбауы керек» делінді.

Хүрриет газеті «Инфляция төмендеді» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда. Маусым айында инфляция деңгейі төмендей бастады. Алты айлық инфляция көрсеткіші де айқындалды. Түркия статистика мекемесінің көрсеткіштеріне қарағанда маусым айында инфляция деңгейі 0,27 пайыз төмендеді. Жылдық инфляция 10,9 пайыз кеміді. Алты айлық тұтынушы индексі артуы  5,89 пайыз ретінде жүзеге асты. Маусым айында ең жоғарғы баға артуы мемлекет іші туризмде байқалды. Ең арзан өнім картопта болды.

Хабар Түрік газеті «АҚШ ұшақта жеңіл компьютер тыйымы күшінен қалды» деген хабарға орын берді. Газеттің хабары бойынша Америка Құрама Штаттарының Стамбул рейстерінде жеңіл компьютер қолдануға тыйым салынған еді. Ертеңнен бастап бұл тыйым күшінен қалатын болды.

Ватан газеті хабарын «Ыстық рекорд жаратты» атты тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда метрология көрсеткіштері бойынша Батыс Жерорта теңізінде 30 маусым мен 2  шелде күндері аралығында ыстық деңгейі рекорд жаратты.

 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар