Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

763198
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Хубер сарайында маңызды қабылдау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Сирияда Афринге операция дайындықтарының басталуымен дипломатиялық қарым-қатынастар тығыздалды. АҚШ-тың ДАИШ-пен күрес арнайы өкілі Брет МакГурк Анкара сапарының артынан Ресей Қорғаныс мсинистрі Сергей Шойгуны Стамбұлдағы Хубер сарайында қабылдады. Президент Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауы жайлы мәлімет берілмеді. Сапардың Түрік қарулы күштерінің Афринді бақылауға алу кезеңінде түрік және Еркін Сирия Армиясы жасақтарына әуе қорғанысы қамтамасыз ететінін жариялағаны кезеңге дөп келуі назар аударды.

Хабертүрік газеті «Террорға жасырын қолдау енді ашық түрде жасалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қараған президенттің бас кеңесшісі Ялчын Топчу азаматтық қоғам мекемелерімен басқосты. АҚШ және Германиядан бастап Түркияның одақтасы ретінде өзін атаған мемлекеттердің саясат саласындағы ұстанымы мен қозғалуы бағаланды. Топчу «Басты одақтасымыз ретінде өзін атаған АҚШ және басқа да одақтастарымыз Еуроодақ елдері алдында ФЕТӨ, бөлшектеуші террор ұйымы ПКК және оның саяси тармағы HDP мен DHKP-C Лоуренстің некесіз дүниеге келген баласы DEAŞ сияқты террор ұйымдары қолдау берген, қорғап қамқоршылық қолдаулары енді ашық түрде жасалуда» деді.

Йени шафак газеті «Түрік әскери базасы орнында қалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Катарға эмбарго жасаған Шығанақ елдерінің 13 баптан тұратын талаптар тізімі үшін берілген мерзім аяқталғанмен тізімдегі шарттарды қабылдамайтынын атап көрсеткен Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн-Абдуррахман әл-Сани түрік базасының да жабылмайтынын атап көрсетті. Әл-Сани «Ешкімнің тәуелсіз бір елге ультиматум беру құқығы жоқ. Қол қойылған келісімдерден кері қадам баспаймыз. Түркиямен ынтымақтастығымызды шынында да назарға аламыз» деді.

Хүррийет газеті «Түркия автокөлік өндірісінде әлемде ең көп өскен 3-ші ел болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия қазір әлемде 14, Еуропада болса 5-ші ең үлкен автокөлік өндірушісі болып табылады. 2016 жылы өндіріс көрсеткіштеріне қарағанда Иран мен Қытайдың артынан әлемде 3-ші орынға көтерілуде. 2017 жылды рекордтар жаңартып, бастаған Түркияның жаһандық автокөлік сұранысы артқаны себепті тізімде жылдам түрде көтерілуі күтіледі.

Сабах газеті «Түрік заңгерлер Гарвардпен жарысты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бүкіләлемдік сауда ұйымының 2002 жылдан бері ұйымдастырған халықаралық сауда тақырыпты заңгерлік конкурсында тұңғыш рет қатысқан түрік студенттер үлкен табысқа қол жеткізді. Бүкіл әлемнен 79 команда қатысқан жарыста, Түркиядан бір қор университетінің заң факультеті студенттері Бүкіләлемдік сауда ұйымының сценарий бойынша сот отырысы ақтық сайысына қалды. Гарвард Университетінің артынан «даму жолындағы бір елге өкілдік жасаған үздік команда» сыйлығын алды.



Ұқсас жаңалықтар