Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

761948
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Еркіндіктің дұшпандары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға қарсы еркіндіктер мен адам құқығы тақырыбында екіұдай ұстаным ортаға қойған Германия жаңа бір жанжалға қолтаңба қалдырды. Берлин Үлкен 20 тобы елдері саммиті үшін Германияға баратын президент Режеп Тайып Ердоғанның сол елдегі түрік азаматтарымен басқосуын қаламады. Анкара осыған қатаң наразылық көрсетті. Президенттік аппараттың мәлімдемешісі Ибрахим Калын кейбір саясат қайраткерлері жасаған провокация және мақсатты мәлімдемелердің қабылданбайтынын атап көрсетті. Сыртқы істер министрлігі «Немістердің ішкі мәселелерін қатаң түрде айыптаймыз» деп наразылық білдірсе, Еуроодақ министрі Өмер Челик те «Бұл ұстаным еркіндіктердің қорғаушысы ретінде емес, еркіндіктерге құрметсіздік көрсеткіші ретінде тарихқа қолтаңба қалдырды» деді.

Стар газеті «Меркель Түркияға қайтарылатын террористтерді тоқтатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекиядан ұстап берілуі талап етілген Фетуллахшы террор ұйымының 8 мүшесін Германияның қорғағаны ортаға шықты. «Афины әкімшілігі төңкерісшілерді ұстап беруге шешім қабылдаған болатын» деген биліктегі Сириза партиясының түрік депутаты Мұстафа Мұстафа Германияның бұл кері қайтару шешіміне тосқауыл жасағанын жариялады. Экономикалық дағдарыстағы Грекияның Германияның штатына айналдырғанын білдірген Мұстафа «ФЕТӨ-шілердің ұстап беру шешіміне Берлин кедергі жасады. Түркияның қысымдарына шыдай алмайтын едік, бірақ біз жіберген жағдайда Германия мазасызданатын еді» деді.

Хабертүрік газеті «Чавушоғлу: Бұл ақтық конференция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швейцарияның Кранс-Монтана қаласында жүзеге асқан Кипр Конференциясының екінші күні жалғасып жатқанда, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавуоғлу журналисттерге мәлімдемелер жасады. Бұл конференцияның ақтық ойынға шығу сияқты екенін атап көрсеткен министр «Кипрда шешім болатын болса болсын, болмайтын жағдайда бұл талпынысты жалғастырудың керегі жоқ» деді.

Ватан газеті «Бұғаздар Жабдытау орталығы болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас, Теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан түрік бұғаздарынан транзит өткен кемелердің күту мерзімін 2 күннен 7 күнге шығарумен байланысты жұмыстарды аяқтау жақындағандарын атап көрсетті. Арслан ең қысқа уақытта іске қосылатын ереженің аймақтың жанармай жабдықтау орталығына айналдыруының алдын ашатынын жеткізді.

Хүррийет газеті «2017 жылының алғашқы 5 айында келген турист саны 460 мыңға өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда туризмде биыл өсу процесі басталды. Өткен жылдың алғашқы 5 айында 8 миллион 301 мың 933 адам саяхаттап келген Түркияға биыл 8 миллион 762 мың 509 адам келді. Ресейден 571 пайыз өсу байқалды. Алғашқы 5 айда Түркияға келуші турист саны 928 мың 376-ға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар