Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

758402
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Террористтер түбегейлі жойылады» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Анкара Кахраманказан ауданында диқандармен ауызашарда бас қосқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған «Аймағымыздағы дағдарысты елімізге таратқысы келгендер босқа қиял құруда. Террористтерді жоямыз, кірлі ойынды бұзамыз. Террористтерді қаруларымен бірге көмеміз. Кандилге дейін барамыз» деді.

Ватан газеті хабарын «АҚШ кері қадам басты. YPG-дегі барлық қару алынады» атты тақырыбымен берген. Газет Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышыкка бір хат жолдағанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда АҚШ бұдан бұрын бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы YPG-ге берілген қарулардың қайта кері алынатынын хабарлаған еді. Хатта кері қадам басылды. «Қарулардың тізімі Түркияға беріледі. Ракканың ДАИШ-тен құтқару операциясынан кейін қарулардың барлығы жиналады».

Сабах газеті «Түрік әскерлері Катарда» деген тақырып қолданған. Хабарда Түрік Қарулы Күштерінің Катар әскеріне оқу-жаттығу және қорғаныс қабілеттерін жетілдіру жұмыстарын жасайтынын жеткізген. Газеттің хабары бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын жасайтын түрік әскерлері Катарға жіберіле бастады. 25 әскерден құралған алғашқы топ кеше таңертең Катарға жетті. Топта 25 әскер және 5 қарулы көлік бар. Катарда құрылатын әскери базада міндет алатын әскерлердің сол жердің жағдайын аңғару үшін бір кіші кірім әскери жаттығу жасайды. Жаттығуда Шығанақтағы ешбір елді нысанаға алмайды, керісінше аймақ қауіпсіздігі үшін жұмыс істейді.

Хабар Түрік газеті хабарын «Түрік ағынының құрылысына 6 миллиард доллар жұмсалады» атты тақырыбымен жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Ресейдің ең үлкен табиғи газ фирмасы «Газпром» басқару алқасы төрағасының орынбасары Андрей Круглов Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасының екі желісі құрылысына 6 миллиард доллар жұмсалатынын айтты. Желістерден алдымен Түркияға, одан кейін Еуропаға табиғи газ тасымалданады.  Түрік ағыны құбыр желісі Ресейден шығып, Қаратеңізден өтеді жәнеТүркияға жетеді. Жоспарланған желістің  2019 жылына дейін тамамдалуы күтілуде.  

Хүрриет газеті «Биржада мереке қуанышы ерте сезінді» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда соңғы алты айдан бері жалғасты көтерілген және арт артынан рекорд жаратқан Биржа Стамбул мереке қуанышын ерте сезінді. Биыл 28 пайыздық құнға ие болған Биржа Стамбул кеше 0,69 пайыз деңгейімен және 100 мың 72 баллмен рекорд жаратты.

 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар