Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

746528
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Шығанақ дағдарысын шешу үшін Анкара атсалысуда» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Араб түбегіндегі 7 ел Катармен дипломатиялық байланысын тоқтату  шешімін жасады. Президент Режеп Тайып Ердоған Катар дағдарысын шешу үшін дипломатиялық талпыныс көрсетті. Президент Режеп Тайып Ердоған Араб түбегіндегі 7 елдің Катармен дипломатиялық байланысын тоқтату  шешіміне байланысты бір қатар телефон кездесу өткізді. Ердоған Катар тақырыбындағы оқиғаларға байланысты Катар Әмірі Шейх Әл-Сани, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин, Кувейт Әмірі Шейх Әл-Сабах және Сауд Арабия королы Селман бин Абдулазиз Әл-Саудпен телефон арқылы сөйлесті.

Хүрриет газеті хабарын «Инжирликке рұқсат берілмеді, Германия шегінуде» атты тақырыбымен берді. Газет Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэльдің Анкара сапарында да Инжирлик мәселесін шеше алмағанын жариялаған. Газеттің хабары бойынша сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ неміс әріптесі Габриэльмен жасаған ортақ баспасөз мәслихатында неміс делегациясының Инжирлик базасына баруға рұқсат бермегенін білдіріп, «Қазіргі жағдайда Кониядағы НАТО базасына баруына болады» деді. Түркияның тұғырына қайғырғанын баяндаған Габриэль де Инжирлик базасындағы әскер және ұшақтардың шегінуінің тек талғам екенін атап өтті. Неміс министр «Шегіну осы апта немесе келесі апта болады» деді.

Йени Шафак газеті «Ең ерекше әскери жаттығу» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Грузияда Кавказ бүркіті арнайы жасақ жаттығу Түркия, Әзірбайжан және Грузияның қатысуымен Тбилисиде орын алған Вазиани әскери базасында басталды. Түркия жаттығуға бір арнайы жасақ тобы, бір мерген, екі тік ұшақ және бір жүк ұшағымен қатысуда. Жаттығу 14 маусым күніне дейін жалғасады.

Хабар Түрік газеті «Түркия жаһандық үлкеюде 7 елдің бірі болады» атты хабарға орын берген. Газет Әлем банкінің  Түркияның биылғы үлкею деңгейінің 0.5 балл артып, 3.5 пайызға көтерілгенін жеткізгенін хабарлаған. Газеттің хабары бойынша Түркия экономикасы Фетуллахшы террор ұйымы параллелді мемлекет құрылымының 15 шілдедегі табыссыз төңкерісінен кейін қайтадан тез қарқында есін жиды. Түркия, Қытай, Бразилия, Мексика, Үндістан, Индонезия және Ресей әлемнің ең тек үлкейген елдердің көш басы болды.

Стар газеті хабарын «Фильм фестивалі басталды» деген тақырыбымен берген. Газет Стамбулда ұйымдастырылған UNIQ Фильм фестивалінің кеше «La La Land» атты фильмімен басталғанын жариялаған.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар