Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

721419
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Батыс трагедиялар алдында үш маймылдай болады» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, президент Ердоған Сомали президенті Абдуллахи Мұхаммед Фармажомен кездесуінен кейін болған баспасөз мәслихатында батыстық елдердің аштықтан қырылған Африкаға көрермен болып қалғанын сынады.  Ердоған «Африка көлемінде көпшілігін әйелдер мен балалар қалыптастырған 14 миллион адам аштық шегіп отыр.  Көптеген батыстық дамыған елдер осындай гуманитарлық трагедия алдында үш маймыл болып отыр.  Балалар аштықтан өлген осы әлемде тыныштық та болмайды,  бейбітшілік те болмайды,  тұрақтылық та болмайды» деді.

Стар газеті «Операция емес,  негізінде мына суретті тергеу керек» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Түрік бомбалаушы ұшақтарының Ирак және Сириядағы террорлық ұйымға жасаған операциясында 70 террорист өлтірілгеннен кейін АҚШ-тың «уайымдаймыз» деген мәлімдемесіне Еуропа Одағы министрі Өмер Челиктен жауап келді. Челик бір НАТО елі ретінде Түркияның өзіне қауіп төндірген бір террор лагерін бомбалағанын айтып, «Сол террор лагеріне басқа бір НАТО елі-АҚШ-тың бір қолбасшысы барды. Осыдан кейінгі «уайымдаймыз» деген мәлімдеме дұрыс ұстаным емес.  Негізінен уайымдауыңыз керек нәрсе осы» деді.

Йени Шафак газеті референдумнан кейін дайындалған рапортқа байланысты хабар жариялаған.  Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының рапортынан кейін Түркияның бақылауға алынуын талап еткен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының рапортының артынан да PKK мен FETÖ шықты. Жанжалға айналған рапортты дайындаған репортерлер Ingebjorg Godskesen және Marienne Mikko террорлық ұйымдардың лобиясын жүргізеді. Godskesen 1997 жылдан бері PKK ұйымының Норвегиядағы істеріне қолдау беріп,  террористтердің саяси баспана құқығы алуы үшін жұмыстанды.  20 жылда осы елдегі PKK-ның 11 ірі жиынына қатысты. Микко болса Социалист партияға мүше,  FETÖ-нің Эстониядағы құрылымымен жақын байданыста. 15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін ұйымның бір жиналысы мен екі шеберлік жиынына қатысты.

Ватан газеті «Үш еуропалықтың бірі түрік балығын жейді» деген хабарға орын берген. Дүние жүзіндегі өз саласында ең ірі көрмесі болып табылатын «Sea Faad» Брюссель Жаһандық су өнімдері көрмесі түрік фирмаларының мақтаныш орнына айналды.  Стамбул Су өнімдері және мал шаруашылығы өнімдері экспортшылар одағының Атқару комитеті төрағасы Ахмет Тунджай ең үлкен қарсыласы Грекияның нарықта әлсіреуінен кейін көрмеде Түркияға қызығушылық артқанын айтты. Тунджайдың айтуынша түрік фирмалары көрменің бірінші күнінен-ақ маңызды сұраныстар алды.  Түркия биылғы жылдың алғашқы үш айында 200 миллион долларлық экспорт игерді. Еуропада желінген әрбір үш балықтың бірін Түркия сатып отыр.

Хабертүрік газеті «Дикили мен Лесбос арасындағы рейс 5 жылдан кейін қайта басталды» деген тақырып қолданған. Измирдің Дикили ауданы муниципалитет басшысы Мұстафа Тосунның бастамасымен жүзеге асырылған жоба аясында Дикили мен Грекияның Лесбос аралы арасында теңіз рейстері басталды. Хабарға қарағанда, 5 жылдан кейін Дикилиге пароммен келген грек турситер табиғат пен тарихи сұлулықтарын аралады. Базарға соғып, киім сатып алды. 30 минуттық рейс апта сайын сейсенбі күндері игеріледі.  Виза болса қақпада соғылады.



Ұқсас жаңалықтар