Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

717776
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Ердоған 16-17 мамырда Трамппен кездеседі» деген тақырыпқа орын берген. Газет A News телеканалына сұхбат берген Режеп Тайып Ердоғанның Амерника Құрама Штаттары президент Дональд Трамппен 16-17 мамырда  Вашингтонда кездесетінін жариялағанын жазған. Газеттің хабарында Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ басшысының қайтарып берілуі жөнінде Вашингтон әкімшілігін алдыңғы президент Барак Обамадан тіпті шын ниетті екенін түсіндірді. Президент Ердоған « Трампмен Сирия тақырыбын  да қолға аламыз. Асадпен келісе алмаймыз. Сирия халқы таңдаған бір лидер болса тіпті жақсы болатынын үнемі айтып келдім.  Осындай процеске қарай бет алуда» деді.

Ватан газеті хабарын  «Батысқа шабуыл жасалмаса террор ұйымы деп саналмайды» атты тақырыбымен берген. Газет президент аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның бір теле каналындағы бағдарламасында мәсхаб қақтығыстар жөнінде ескерту жасағанына орын берген. Газеттің хабары бойынша террор мәселесін тек ДАИШ және Әл-Каида сынды террор ұйымдарымен ғана шектелуінің үлкен қате екенін баяндаған Калын «Батыстық ұйымдарға шабуыл жасалмаған кезде террор ұйымдары террор ретінде қабылданбауда» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті «Ердоған араптардың да басшысы» деген тақырып қолданған. Газет Ливанның астанасы Бейруттағы Саинт Иосиф университеті саясаттану профессоры Jana Jabbour-дің президент Режеп Тайып Ердоғанның арап әлемінде де «Реис», яғни «Басшы» ретінде қаралғанын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Jana Jabbour «Көптеген арап Ердоғанды Орташығыс және үммет үшін бір үміт ретінде қарауда. Батысқа қарсы тұғыр көсетуі және мұсылман әлемі мүддесін қорғау батылдығына риза болуда» деді.

Сабах газеті «Шығанақ капиталы Шанлыурфаға келуде» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Премьер-министрлік инвестиция және таныстыру агенттігі мен Каражадаг өркендеу агенттігінің ұйымдастыруымен Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт және Бахрейннен 50 кәсіпкер егін және мал шаруашылық саласында Шанлыурфада тексеру жүргізді. Шығанақ елдерімен егін және мал шаруашылық саласында сауданы дамыту және осы елдердің инвесторларын тарту мақсатымен Түркияда болған арап іскерлері жегілікті лауазымдарымен де бас қосты.

Стар газеті хабарын «Туризмде инвестиция артты» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабары бойынша Стамбул туризм саяхат агенттері және іскерлер қоғамы басқару алқасы төрағасы Хасан Байрам референдумнен кейін туризм инвестициялары үшін өзіне өтініш бергендер санының артқанын білдіріп, «Турист қауіпсіз аймақты таңдайды. Референдумде «қабыл» даусының шығуы тұрақтылықтың жалғасатынын білдіреді. Референдумнен кейін инвестиция қарқыны ел көлемінде артады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар