Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

709194
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған ұжданы бар бір басшы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияда режим күштері 4 сәуір күні Идлибтің Хан Шейхун ауданына жасаған химиялық шабуылда 27 бала барлығы 100 жазықсыз адамды өлтірді. Шабуылда 9 айлық нәрестесі және жұбайына қоса 25 туысқаны құрбан болған Абдүлхамид әл-Юсуф оқиғаның артынан Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келді. Юсуф Хатайда қатысқан топтық ашылу рәсімінің артынан әуежайда басқосқан президент Ердоғанды маңдайынан сүйді. Сириялық әке «Ердоған ұжданы бар бір басшы. Біздің де осындай басшымыз болғанда, бұл қайғыларға душар  болмас еді» деді.

Хабертүрік газеті «Андерсонның әңгімелері кезеңі аяқталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак күш пен байлық батыстан шығысқа қарай жылжитын және әлемде жаңа бір тәртіп орнайтын кезең басталғанын атап көрсеткен Албайрак «Андерсеннің әңгімелері» кезеңінің аяқталғанын мәлімдеді. Түрік ұлтының тарихтан сабақ алғанын және сынап үйренгенін білдірген Албайрак «Ғасырлар бойы бұл елде жасалған төңкерістер арасында тұңғыш рет 15 шілде күнгі әрекет табыссыз аяқталды. Бұл халық енді өте батыл, сондықтан қол жеткізген жетістіктеріне ие шығуда» деді.

Ватан газеті «Еуропалық дайын киім саласы Түркия нарығына кіруге тырысады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда болжамдардан асқан өсу көрсеткіштері, жас тұрғын саны және артып отырған адам басына шаққандағы ұлттық табысымен шетелдік маркалардың үздіксіз назарында жүрген Түркия тағы 3 атақты маркаға қонақжайлық жасайды. Еуроодақтың кең тараған дайын киім маркаларының бірі «New Yorker» және көпқабатты дүкендерімен «Selfridges» пен жапондардың «Uniqlo» маркалары Түркияға кіру үшін өздеріне орын іздейді. Басқа жағынан Францияның көп қабатты люкс сауда дүкені «Galeries Lafayette» Стамбұлдың Еуропа жағасында тағы екі дүкен ашу үшін сауда орталығы қарап отыр.

Йени шафак газеті «Кореялықтардың Түркияға қарсы сүйіспеншілігі басқаша» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның үлкен инфрақұрылымдық инвестицияларында өзін көрсеткен Оңтүстік Корея азаматтарының көңілінде Түркия сүйіспеншілігінің бөлек орны бар. Бүгін кезкелген кореялық фирма үшін Түркия инвестициялық аймақ болғандай, бауырлас ел болып қабылданады. Кореялықтар 1950 жылы Корея соғысында батылдығымен даңқы шыққан ерікті түрік әскерлерін ұмыта алмайды және әрқашан пидақорлығын көрсетеді. Кореялықтар руханиятқа қоса, жоғары технологиясы арқылы Түркиямен байланыстарын күшейткісі келеді және инвестициялық жоспарларын Түркияға бағыттайды.

Стар газеті «Супер жұлдыз Месут Өзил немістердің нәсілшілдігін түсіндірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбритания Премьер лигасында Арсенал футбол командасының неміс ұлттық футболисті Месут Өзил түрік текті болғаны себепті Германияда қатысқан футболшы сайлауында көп рет әділетсіздікке ұшырағанын атап көрсетті. Ұлыбританияның «Daily Mail» газетіне берген сұхбатта Месут Өзил «Мен кірген командалардың футболшы таңдауында қанша жақсы болғанымды дәлелдесем де мені таңдаған жоқ. Бұл 3-4 рет басыма келді. Кейін әкеме барып, неліктен осылай екенін сұрағанда маған «Месут сайланбау себебін қабілетінің жеткіліксіз екенімен байланысты емес, есіміңнің Месут болуымен, түрік текті болумен байланысты дейтін» деді.



Ұқсас жаңалықтар