Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

695729
Түрік баспасөзіне шолу

 

Ватан газеті «Экспорт рекорд жаңалауды күтуде» деген хабарға орын берген. Газет экономика министрі Нихат Зейбекчинің Түркияның экспортының өрлеуде екенін білдіріп, «Барша әлемдегі елдердің экспорты төмендеуде, ал біздің экспортымыз көтерілуде» дегеніне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі тарапынан ұйымдастырылған Түркия-Люксембург Бизнес Форумының беташарында сөз сөйлеген Зейбекчи 2017 жылының экспорт талпыныстарының қайтадан басталған бір жыл болатынын айтып «Наурыз айы аяғында тарихи шыңға қол жеткіземіз» деді.

Сабах газеті хабарын «Күн энергиясында жаңа белес» атты тақырыбымен берген. Газеттің хабары бойынша  Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрактың қазан айында жолдама жасаған және «Керемет жоба» ретінде аталған Кония-Карапынарда құрылатын 1 мың мегаваттық күн энергиясы тендерінде ең арзан ұсынысты КалйонHanwha компаниясы ортағы берді. Энергия министрі Албайрак тендерді «өте керемет» деп бағаласа, 1,3 миллиард долларлық осы инвестиция арқылы Түркияның күн энергиясында технология өндірген бір ел деңгейіне келетінін баяндады.

Йени Шафак газеті «Жаңа Зеландияда түрік ескерткіші» деген тақырып қолданған. Газет Жаңа Зеландияның астанасы Веллингтондағы Pukeahu Халықаралық соғыс ескерткіш саябағындағы түрік ескерткішінің рәсіммен ашылғанын жазған.  Хабарда Жаңа Зеландия ардагерлер жұмыстарына жауапты төрағасы Дәвид Беннеттің рәсімдегі сөзінде Түрік ескерткішінің ашылуы арқылы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тіпті де күшейетінін айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның Веллингтон өкілетті және төтенше елшісі Ергин жасаған баяндамасында Гелиболу соғысы және одан кейінгі Дарданел соғыстарының тарихи жеңіс екенін айтты.

Хүрриет газеті «Калын әнге қызығады» атты тақырыпқа орын берген. Газет Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның саясат қайраткерлік ерекшелігімен музыкаға қатты көлің бөлуімен білінгенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Ибрахим Калын саз шалып, ән айтуды өте жақсы көреді.

Стар газеті «Стамбулда сән кезеңі» деген тақырып қолданған. Газет Түркия сән индустриясын әлемге таныстыру мақсатымен «Mercedes-Benz Fashion Week İstanbul»-дың Бейоғлұында бастағанын жазған.

 

 



Ұқсас жаңалықтар