Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

678418
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған-Трамп кездесуі мамырда» деген хабар жариялаған.

Хабарға қарағанда, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Президенттік сарайда журналистермен кездесуінде президент Ердоғанның наурыз айында Ресейге баруы мүмкін екенін,  мамыр айында да НАТО Басшылар саммитінде Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен кездесетінін айтты.  Калын президент Ердоғанның келесі ай Ресейде Түркия мен Ресей Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысына қатысатынын білдірді.  Баспасөз хатшысы Калын президент Ердоған мен АҚШ президенті Трамптың оңаша кездесуіне байланысты да «мамыр айында НАТО-да саммит болады. президентіміз қатысады.  Сол жерде оңаша кездесу болады.  НАТО саммитінен бұрын да жиналыс жоспарланып отыр. Оңаша кездесуде Түркия және АҚШ қарым-қатынастары қолға алынады» деді.

Сабах газеті «Актив қоры мердігерлердің кепілдік проблемасын шешеді» деген хабар жариялаған.  Шетелде мердігерлік секторында әлемнің алғашқы 250 фирмасы арасына енген түріктің 45 компаниясына сыйлық берген президент Режеп Тайып Ердоған құрылысшылардың кепілдік проблемасы үшін Актив қорын қолдануға болатынын айтты.  Президент Ердоған Анкарада ұйымдастырылған Шетелде мердігерлік қызметтері марапат кешіне қатысты. Түрік мердігерлік компанияларының әсіресе жақын жерлерде маңызды жобаларға қолтаңба басқанын атап көрсеткен президент Ердоған: «Біз мердігерлердің шетелде жоба жүргізулерін тек экономикалық шара ретінде көрмейміз.  Құрылыспен бірге өркениеттер арасында көпір болып отыр олар. Құрылыс алаңының алдында байрағымызды желбіреткен әрбір компаниямыз – еліміздің бір-бір өкілі» деді.

Ватан газеті отандық энергияға байланысты бір хабарға орын берген.  Түркия Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Түркияның бұдан былайға үрдісте отандық энергия көздеріне бағыт алатынын айтты.  «Түркия энергия үшін жылына 50 миллиард долларды сыртқа беріп отыр. Енді аз бере бастаймыз.  Бұл кейбіреулерді қинайды,  ашуландырады және оларды басқа әдіс сынап көруге итермелейді» деді.  Энергия нарығы реттеу мекемесінің 15 жылдығына байланысты өткізілген бағдарламада сөз сөйлеген министр Албайрак соңғы жылдардағы маңызды жаһандық дағдарыстарға қарамастан Түркияның энергия секторында өсіп,  энергия көздерін түрлендіріп,  инвестицияларын жалғастырғанын және өткен жылы электр өндірісінің 49,3 пайызын отандық көздерден қамдағанын,  10 жылдан кейін болса энергия экспорттай бастайтынын атап көрсетті.

Хабертүрік газеті Еуропа Одағына байланысты хабарға орын берген.  Еуропа Одағы министрі Өмер Челик Польшада Түркия мен АҚШ арасында бір саммит жасалмай алға басудың мүмкіндігі қалмағанын айтып, «Еуропа Одағының көп уақыттан бері бір Түркия саясат жоқ. Кеңеюге жауапты комиссар сөздерінде әрдайым Түркияны көршілік сипатта айтады.  Бұл қате.  Түркия мен Еуропа Одағының саммитінің жылдың алғашқы жартысында өткізілуін қалаймыз.  Нақты қадамдар айтылсын» деді.

Хүрриет газеті «Үй сатып алғандар бір жыл бойы сата алмайды» деген хабар жариялаған. Үкімет шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сатуда қамдалған жеңілдіктерге наразылық және сындарды назарға алып,  жаңа екі үкім қосты.  Қосымша құн салығынсыз жылжымайтын мүлік сатып алу құқығы бар шетелдік азаматтар осы мүліктерді бір жыл бойы сата алмайды.  Мүліктерді бір жыл толмастан сатқандар Қосымша Құн салығы жеңілдігін пайдалана алмайды. Басқа бір реттеу арқылы шетелдіктерге берілген құқықтар шетелде өмір сүретін түріктерге де беріледі.



Ұқсас жаңалықтар