Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

659512
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Жаңа конститутция ұсынысы үшін тез арада жұмыстар басталады» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған парламентте қабылданған президенттік жүйеге қатысты конститутцияға өзгеріс енгізу ұсынысын Африкадан Түркияға орала салып, бағалайтынын атап көрсетті. Ердоған кеше конститутцияға өзгеріс енгізу ұсынысымен байланысты жасаған мәлімдемеде «Бүгін кешкі уақытта иншалла елге ораламыз. Ойымша Мәжіліс әкімшілігі президенттік әкімшілігіне парламенттегі аталмыш ұсынысқа қатысты отырыстардың қорытындысын жіберген болу керек. Тез арада қарап, шешімді кешіктірмей қабылдаймыз. Өйткені ұлтымның менен күткені осы» деді.

Стар газеті «Түркияда әр нәрсе жылдам қалпына келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым доллардағы шайқалыстың уақытша екенін, алдағы уақытта әр нәрсенің одан жақсаратынын атап көрсетті. Іскерлерге «Инвестицияларыңызды жалғастырыңдар» шақыруы тастаған Йылдырым қазір Түркия жайлы болымсыз бір атмосфера жасалғанына назар аударып, «Бөлшектеуші террор ұйымы мен ФЕТӨ Еуропа мен Америкада маңызды ақша бөліп, лобиялық жұмыстарын жалғастыруда. 15 шілде, 17 желтоқсан және ПКК шұңқырлары мен қаладағы көтеріліс арқылы жүзеге асыра алмағанын, қазір де «экономиканы шайқап жасай аламыз ба?» деген ниетпен талпынғанын білдірді. Біз мұны байқаймыз, бірақ мұнда табысқа жете алмайды. Қате түсініктерді реттеу үшін одан көп талпыну керекпіз» деді.

Ватан газеті «Премьер-министр Йылдырымнан Трампқа ұсынысы: Тәжірибе алмасуға дайынбыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы төрағасы, премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлау науқаны кезіндегі уәделерінде орын алған, «Теміржолы, трассалар, әуежайлары саламын» дегеніне назар аударды. Премьер-министр үкімет пен Түркияның жобалармен танысқанын атап, «АҚШ-қа тәжірибе керек болса, біз де бар» деді. Йылдырым «Әзіл емес, АҚШ-та жүрдек пойыз жоқ, біз де бар. Яғни, Түркияға барша басқаша көзбен қарамасын. Берлин әуежайының ашылу рәсімі алтыншы рет кейінге қалдырылды. Бірақ әлемнің ең үлкен әуежайының алғашқы сатысы 2018 жылы 26 ақпан күні ашылады» деді.

Йени шафак газеті «Африкамен жүректеріміз бірге соғады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның Танзания, Мозамбик және Мадагаскарды қамтыған Шығыс Африка турына қосылған жұбайы Эмине Ердоған бұл елдермен әртүрлі кездесулер мен байланыстар жасады. Эмине Ердоған Танзанияның Дар-эс-Салам қаласында Түрік ынтымақтастық және координация агенттігінің (ТИКА) офисін ашты. Мүгедектер үшін 25 аккумуляторлы көліктер мен мемлекеттік ауруханаға екі инкубатор бағыштады. ТИКА тарапынан жөндеуден өткізілген Танзания Ұлттық Мұражайында аралаған Эмине Ердоған ТИКА-ның Түркияның Африка құрлығына созылатын достық қолы екенін атап айтты. Эмине Ердоған Мозамбикте де жетімханаға бағыш жасап, жетім балаларға әртүрлі сыйлықтар таратты.



Ұқсас жаңалықтар